Менің алғаш саяхатым.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем деболады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.
Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әрі сапарларымызкөп болғай!
Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Бауыржан Момышұлы атамыз батыр.Ол кісі белгілі жазушы.Ол ұлы отан соғысына қатысқан.