Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
-Достым, қалай ойлайсын, болашақта мектептер қандай болады екен? Мектептердің маңызы күні бүгінгідей сақтала ма екен? -Ғылымның жоғары қарқынмен дамып келе жатырғаны болашақта білім беруге көптеген өзгерістерін жайлап тіпті бүгңнде енгізуде. Бірақ, мектептің қанша уақыт өтсе де магызын жоғалтпайтын сенімдімін. Адам болашақ арманына ұмтылысын, бағыт бағдарын осы мектеп қабырғасында алады. -Ал егер уақыт өте келе мектепке барудын керегі болмай әркімге ынғайлы басқа жүйе енсе. Мысалға, адам білімді үйде алып, мектепке барудың пайдасы болмай қалса ші? -Өз басым мектеп болашақта жетілдіріліп, айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы мүмкін, бірақ оның жоғалып, не жарамсыз болып қалуы мүмкін емес деп ойлаймын.
2-көсемше
3-есімше
4-есімше
5-есімше
6-көсемше
7-есімше
Дұрыс болу керек