Сотқар мысық.
Күздің бір күнінде Арманның сары ала мысығы үйден шығып бақты аралап жүреді. Бір мезетте ағаш түбінде жүрген кірпіні көзіп шалып қалады. Мысық аңдап кірпінің қасына тақады. Бұны сезіп қалған кірпі дәл сол мезетте денесін жасырып, инелерін шығарып домаланып жатып алды. Мысық оны қозғалта алмады. Ақыр соңында кірпінің арқасынан тырнақтарымен салып қалып еді, қан саулай жөнелді. Мысық жан ұшыра мияулап үйге әзер жеткен еді. Ал кірпі болса мысықтан құтылғанына қуанып тіршілігін жалғастыра берді.
Тақырыбы : Суретші бала.
Бұл кішкентай , дарынды суретші бала. Оның қолынан өте әдемі суреттерді салу келеді. Және ол бұл сурет салумен кішкентай күнінен бастап айналысады. Оның бұл ісі жемісті болыпты , себебі ол қазіргі уақытта суретшілер жарысына қатысады. Бұл суретші бала жан - жануарлардың , аң - құстардың және табиғаттың суретін өте әдемі қылып сала алады.
Бұның қазіргі туындысы "ҚҰСТАР ӘЛЕМІ" деп аталады. Ол суретінің идеясы құстардың қаншалықты сұлу , әрі керек екенін барша адамзатқа жеткізу болды.
Және бір кереметі , бұл суретшінің керемет туындылары мұражайда да бар екен. Және көп а ң суретін сатып алуға құмар көрінеді. Соның арқасында бұл әрі ата - анасын бағып отыр десек те болады. Бұның әрбір туындысы шынайы шығады. Сол себептен де оның туындылары өте қымбат. Менің ойымша бұл суретші бала , әрі қарай өнерін жалғасытыра беретін болса , бұл баладан әлемді таң қалдырған атақты суретші шығады.
Себебі мен бұл баланың өнеріне сенемін.