Уәлихановтың әйгілі Қашқарға сапары туралы жас режиссер Жасұлан Пошановтың «Қашқарға саяхат» блокбастер киножанрында түсіріліп жатқан фильміне М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік драма театрының бір топ актерлары қатысып, әртүрлі деңгейдегі рөлдерді сомдап жатыр. Қазіргі қазақ киносының жұлдызды актерларына айналған Берік Айтжанов, Бауыржан Қаптағай, Алмас Шаяхметов, Талғат Сағынтаевты көрермен Шоқанның өміріндегі ең елеулі әрі қатерге толы сапар болған «Қашқарға сапар» фильмінен көреді.
Жалпы, Шоқан Қашқарға Ресей патшасы II Александрдың тапсырмасымен, тыңшылық жасауға барғаны мәлім. Шоқанға дейін Қытайдағы бұл беймәлім өлкеге атақты саяхатшы Мако Поло ғана барған екен. Қашқарға барғандарды тыңшы деп есептеп, өлтіріп отырған. Бірақ, тарихтан белгілі, бұл қатерлі сапардан Шоқан аман-есен қайтады әрі Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы»атты еңбегі жазды. Бұл сол замандағы Қашқар туралы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірінен саналады. Шоқанның бұл еңбегі жоғары бағаланып, бірден ағылшын тіліне аударылған. Бұл сапарда Шоқан саудагер кейпіне еніп, керуенмен бірге барған. Сапар қатерге толы болған. Бұл жайлы «Қашқарға саяхат» блокбастерінде жақсы көрсетілетінге ұқсайды. Өйткені, арнайы аттар мен каскадерлардың еңбегі түсірілімнен жазылған материалдар да ерекше айтылып жатыр.
Міне, Шоқанның Қашқар сапарынан 158 жыл өткен соң, «Қашқарға сапар» фильмі түсіріліп жатыр. Театр актерларының қатысумен түсіп жатқан бұл кинокартина ұлттық киноның қорына қосылатын айтулы фильм болар деп үміттенеміз!
1) Ғылымды ғалым, профессорлар, жасайды
2)Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен.
3)Қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінен естіп білдім
Шайтанкөл болады
Объяснение:
апайым айтты