Қазақ жерін жонғарлардан азат еткеннен кейін рулар мен тайпалар жаппай ата мекендеріне орала бастады. Ұлы Орда тайпалары Сырдария жағалауларынан, Түркістан аймағынан, Жетісу жеріне; Орта Орда тайпалары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы ата мекендеріне оралды3. Қазақ хан-дығы өзінің шекарасына шығысымен, Қытай империясы Жоң-ғар хандығына шабуыл жасай бастады. XVIII ғасырдың орта шенінде ішкі Қытайдағы шаруалар қозғалысын баскан манч-жур-қытай (Цинь) империясының екі армиясы тоқсан-мың әскермен Жоңғар хандығының жеріне келіп кірді. Қытай-лардың Жоңғарияға басып кіруіне 1754 ж. жоңғар тағына уміткерлердің бірі — Әмірсананың билік үшін күресте Цинь өкіметінен көмек сұрауы себеп болады. 1755 ж. мамырында Цинь әскері Әмірсананың басшылығымен Текес (Жоңғария) алқабына басып кірді. Көп кешікпей Жоңғар хандығының негізгі күші талқандалып, толығымен жойылды. Жоңғар хан-дығының қайта қалпына келуіне жол бермеу үшін қытайлық-тар Әмірсананы бүкіл ойраттың басы етіп қоямыз деген уәделерін орындамай, хандықты төрт бөлікке бөліп тастады. Бұл жағдай Әмірсананың бұрынғы жақтаушыларына қарсы шығуға алып келді. Олардың арасындағы қиян-кескі ұрыс 1757 ж. Әмірсананың аз нөкерлерімен қашып кетуімен аяқталды. Жоңғарияны басып алған Цинь әскерлері ойрат тұрғындарын аяусыз қырып-жойды. Оны қытай тарихшылары да мойындауға мәжбүр болды. Бүған мысал "Қытай тарихы очеркінде" ерекше көңіл аударылып, "Қытайлар жоңғар хал-қын ешбір аяусыз, бірін қалдырмастан қырып-жою арқылы жеңіске жетті", — делінген.
Себебі ата әжесі болғандықтан немересін
иіскеп құшағына қысып сағыныштарын
басқысы келеді. Ол кісілер де қаладан
алыс ауылда тұрған соң өзінің жан
баласының келгенін қатты күтеді.
Бірақ...осылайша тез кетіп қалады
деген ойда болмаған.Қартайған соң
қарттық шағын отбасының қуанышымен
бақытымен өткізгісі келгені...Қолда бардың
қадірін білу керекпіз.
Ата анамызды қартайған шағында жалғыз
қалдырып кетпей керісінше аздаған
өмірлері қалғанда сол шақтарды тек күлкі
қуанышпен өткізсе ол кісілер үшін олардан
асқан бақыт жоқ болар еді.