М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
varenik506
varenik506
14.05.2021 16:37 •  Қазақ тiлi

Қазақ халқы жылқыны «киелі жануар» деп есептейді. Жылқы – кисе, киім, мінсе, көлік, жесе, тамақ, ішсе сусын болатын киелі түліктің бірі. Жылқыны жасы мен денсаулық жағдайын атбегілер тісіне қарап ажыратады. Ата-бабаларымыздан қалған « Жақсы аттың тісін қарамас болар...» деген нақыл соған байланысты туындаған болар.
Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, «ел қорғаған ердің жан серігі» деп дәріптеген. Біздің аңыз-ертегілерімізде, батырлық жырларымызда иесі қысылғанда ақылды, күшті тұлпарлар көмекке бірінші болып келетіні туралы көп айтылады. Мысалы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Ер Төстіктің Шалқұйрығы, Қамбардың Қарақасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген.
Басқа жануарларға қарағанда жылқы айналасын түрлі түсті реңкте көреді. Бірақ қызыл мен көк түсті ажырата алмайды. Тағы бір қызығы, - жылқының көру аумағы 360 градус. Яғни, жылқы бір бағытқа қарап тұрғанда тек алдын ғана емес, арт жағын да толық көре алады. Сондай-ақ жылқының көзі түн ішінде де өте жақсы көреді.
Қазақ халқында жылқының қатысуымен болатын түрлі жарыстар мен ойындар бар. Жылқының жүйріктігін сынайтын тай жарыс, құнан бәйге, бәйге, аламан бәйге сияқты сайыс түрлері халқымызбен бірге жасасып келеді. Ал көкпар, аударыспақ, ат үстіндегі тартыс, жамбы ату, қыз қуу, теңге ілу сияқты, ойындар жылқының да, оған мінген жігіттің де мықтылығын анықтаған.

1-тапсырма.
А) мәтінге ат қой (озаглавьте текст)

Ә) мәтінге жоспар құр (составьте план текста)

Б) мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыр (по тексту составьте 5 вопроса)

👇
Ответ:
lolmol
lolmol
14.05.2021

1)Киелі жануар-жылқы

2 тапсырма

1.Жылқының пайдасы

2.Жылқының мықтылығы

3.Жылқы ойындары

Б)Жылкы қандай жануар?

Жылқының адамға қандай пайдасы бар?

Жылқыға байланысты қандай аңыз әңгімелер бар?

4,6(10 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
invation
invation
14.05.2021

Ауылдың табиғи тағамдары – сүт, құрт, ірімшігі мен қаймағы,  таза ауасы да пайдалы, жанға шипа дер едім. Жаз басталысымен, біздің ауылда да бақша науқаны басталады. Үлкендер жер жыртып, көкөністер егіп, оны баптап күту жұмыстарымен айналысады. Арасында мен де комектесемин. Олар өсе бастаған кезде күтіп, баптап, суарамыз. Ауылда өткен демалысымның тағы бір қызығы – көл жағасында асыр салып ойнап, өзенге шомылып, достарыммен құм, су, батпақ терапияларын өткізетініміз. Кейін табиғатты тамашалап, серуенге шығамыз. Міне, жыл сайын жазғы демалысым осындай қызыққа толы кезеңдерімен есте қалады. Кейін қимастықпен қол бұлғап, қайтадан қалаға асығасың. Бірақ, ауылда өткізген әр күннің өзі жанға дәру. Нағыз демалыс – ауылда.

Объяснение:

4,6(2 оценок)
Ответ:
logan8
logan8
14.05.2021

Шығармашылығы

Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.). Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Доспамбет жыраудың шығармалары толық жеткен жоқ. Көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе Османов “Ноғай уа құмық шығырлары” (СПб., 1893) атты жинағына енген. Кейін В.В. Радловтың “Халық әдебиетінің үлгілері” (1896) деген жинақта басылды. “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971), “XV — XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985), т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.

Объяснение:

надеюсь прможет

4,4(63 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ