Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.
Көктемде құстар өлкемізге ұшып келеді. Біз оларға жем береміз, үйшікте жасап береміз. Жеміс ағаштары гүлдейді және жапырақтары бүршік атады. Айналаға шөп өсіп, жердің беті жасыл кілемге айналады. Айналаны алқызыл жауқазын гүлдерінің иісі бүркеп алады.
Көктемде ең бірінші мереке 8-наурыз күні әйел-қыздар мерекесі деп аталады. Ол күні әжелеріміз, аналармыз, әпке-қарындастарымызды сонымен қатар апайларымызды да мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз мерекесі 22-наурызда аталып өтіледі. Ол күні әркім өзгеше қарсы алады. Наурыз көже және т.б. ұлттық тағамдар пісіріледі. Түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, ән айтылады, би биленеді.
Көктем келе ауа-райы жылынады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Ауа-райы жылып және көктем соңында ысып та кетеді. Сонымен бірге жазға ұласады. Жаңбыр жауса, кемпірқосақта түрлі-түсті болып көрінеді. Біз оны қуана тамашалаймыз.
Көктемде адамдар бау-бақшасына түрлі-түсті жеміс ағаштары, жұпар иісті гүлдер егеді. Оларға су береді, астын қопсытады. Бұл өсімдіктердің бәрі су және күн нұрымен өседі. Айналасындағы жаман шөптерден тазартады. Ал дихандар дәнді өсімдіктер егеді. Олар: бидай, арпа және картоп, сәбіз, қызанақ, қияр, орамжапырақ. Оларды өсіріп жетілдіру үшін дихан бабалардың еңбегі мол. Көктемде бізде жеміс ағаштарын егуде ата-анамызға, үлкендерге көмектесеміз.