Дене сымбаты
Қазақ тағамтану академиясының өткізген зерттеулері Қазақстандағы ересек тұрғындардың жартысынан астамы (52,4%) артық дене салмағына немесе семіздікке шалдыққандығын көрсетеді. Толықтық – көптеген аурулардың себебі екендігі анықталған. Сондықтан денсаулықты сақтау үшін дене салмағын бақылауға алу аса маңызды.
Денсаулық Денсаулық - зор байлық деп ата бабаларымыз босқа айтпаған . Денсаулығы бар адам бай адам , денсаулығы жоқ адам - құр адам . Əр бір адам өзінің əрбір қадамымен күн сайын өзінің денсаулығына зиян келтіруде . Мысалы : темекі шегу - бұдан біздің бауырымызға , тістерімізге , денсаулығымызға зиян келеді ; минералды сусындар - coca cola сияқты құрамында зиянды ашытқылары бар соктар асқазанымызға зиян ; ғаламтор - ғаламторда отқан кезде біздің денемізге ультра күлгін сəулелер түседі . Ал біз денсаулығымызды сақтауымыз үшін - таза ауамен тыныс алуымыз керек , көп тамақ жемеуіміз керек , спортпен шынығуымыз керек . Денсаулық баға жнтпес байлық , сен қанша жерден бай болсан да , денсаулықты ақшана сатып ала алмайсын !
Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор − жанұя. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді. Сол себепті, жанұя тәртібі, отбасылық тәрбие, былай қарағанда, мәнсіздеу дүние көрінгенімен, оның әулет, ұрпақ, ағайын, мемлекет, отан алдындағы маңызы өте терең.
Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, а үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді. Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.