Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та. батырлық пен батылдық та әйтеуір адамға тән асыл қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз алым-жұлым киінген қараборбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып, жауға қарсы шабатындай нағыз қас батырдай сезінуші едік... Идеясы: Критерий: Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды. ( )
Көктем
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі көктем келісімен қысқы ұйқыдан оянып, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп айналаға жар салғандай әндете түседі. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді. Міне, осының бәрі ғажап бір көрініс емес пе?!
Көктем - менің ең сүйікті жыл мезгілім. Көктемде сонымен қатар қазақ халқы үшін басты мейрамдардың бірі - Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойланады.