Негізі, Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтардың үш статусы болады. Олар республикалық, облыстық, аудандық болып үшке бөлінеді. Мәселен, республикалық ұлттық мәдени орталықтар туралы айтатын болсақ, бүгінгі таңда Әділет министрлігіне нақты тіркелген 28 мәдени орталық бар. Бұл орталықтардың облыста, ауданда өздерінің филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтардың жергілікті әділет басқармаларына заңды тіркелгендері де, тіркелмегендері де болады. Осы реттен келгенде, еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жалпы саны 820-дан асады. Бұл – тіркелген-тіркелмегендерінің барлығын қосып есептегендегі көрсеткіш.
Қазақ тілін үйрену қажеттігі туралы.
1. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген мақалды есте ұстап, әуелі өз ана тілімізді жетік меңгеруден бастайық.
2. "Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін" деп аталарымыз айтқандай, қазақ тілімен қатар өзге тілдерді де меңгеру - қазіргі заман талабы.
3. "Ана тілің алпыс тілге татиды" демекші, ана тіліміз - біздің бойымызға ана сүтімен дарыған байлығымыз.
4. "Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт" деген мақалдағыдай мәңгүрт болмай, қазақ тілін үйренейік дегім келеді.
5. "Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім" деген мақалда айтылғандай, ана тілімізді дәріптеп, қадір тұтайық.