Найдите наречие в тексте ! Жюль Верн- француз жазушысы, ғылыми- фантастикалық жанрының
негізін салушы. Ол Францияның Нант қаласында 1828 жылы 8 ақпанда туған. Верн- 65 роман, повесть, әңгіме, және география тарихы туралы зерттеулер жазған адам. Жазушының «Капитан Гранттың балалары», «Сырлы арал», «Он бес жасар капитан» және т.б шығармалары әлемге танылды. Оның шығармалары әлем халықтарының тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де аударылған, фильмдер түсірілген.
Ғаламторды қарап отырып, мен Жюль Верннің Қазақстанмен де байланысы бар екенін білдім. Тек ондай мәліметтер қолыма түспеді, лажсыздан бар тапқанымды бөлісейін дедім. Ол ХІХ ғасырда Қазақстан, Сібір жерлеріне саяхат жасаған. Соның негізінде кітап та жазған. Ол кітап алғаш рет орыс тілінде 1900 жылы жарық көрген. Бұл кітап жазушының Орта Азия мен Сібірге жасаған «әдеби саяхаты». «Мен қазір басқа ешнәрсе ойлағым келмейді, мені таңғажайып сюжет қатты еліктіріп отыр. Бұл романым татарлар мен Сібірдің тарихы жайлы» деп жазған екен Жюль Верн. Орта Азия халықтары бұл кітапта «татарлар» деп аталады. Оңтүстіктен басталған көтеріліс Сібірдің астанасы - Иркутскіге дейін жетеді. Осы романнан Қазақ даласында болған бірқатар тарихи деректерді кездестіруге болады.
Әнші құм
Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.
«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.
Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.
Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.
Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.