М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Мозговина12
Мозговина12
21.01.2023 05:25 •  Қазақ тiлi

11.Табыс септік жасырын тұрған сөзді көрсетіңіз. А. тербеледі тың дала
В. тыңда туғандары
С. енді үлгергенсіз
D. шоқ түсіріп жандырған
Е. кенді аймақ
12.Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
А. Үштен бір
В. Үштік
С. Үш үштен
D. Үшеу
Е. Үшінші
13.Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
A. Он-оннан
В. Тоқсан
C. Алпысыншы
D. Үш ширек
Е. Отызға тарта
14.Зат есімді көрсетіңіз.
A. ¬Өлең айт
В. Осында
C. Әдемі
D. Білім
Е. Сұр
15.Сын есімнің сұрақтарын табыңыз
А. кімнің? ненің?
В. не істеді? қайтті?
С. қанша? нешеу?
D. қайда? қалай?
Е. қандай? қай?
16.Синонимдік қатарды табыңыз
А. алыс, ұзақ, биік
В. түзу, тура, ұзын
С. қиын, оңай, оңаша
D. алтын, күміс, қола
Е. дидар, ажар, келбет
17.Мезгіл үстеуін көрсетіңіз:
А. кеше барды
В. ілгері жүрді
С. қаннен - қаперсіз ұйықтады
D. көп жұмыс істеді
Е. өте үлкен екен
18.Мөлшер үстеуінің сұрағын көрсетіңіз:
А. Қашаннан?
В. Қаншама?
С. Қайдан?
D. Кімше?
Е. Қайдан
19.Омонимді табыңыз:
А. Көрші қарт жүдеулеу, арықтау көрінді.
В. Жер қабатының әртүрлі жыныстары бар.
С. Балалар жыбырламай, жүгірмей жым болды.
D. Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық.
Е. Нүриланің жүзінде әлдебір мысқыл жүзіп жүр.
20.Есептік сан есімді табыңыз
А. алтау
В. елу жеті
С. төртінші
D. он шақты
Е. екі жарым

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Ннемо
Ннемо
21.01.2023
Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Інім екеуміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Апам рұқсат етпеген. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, қала іші түнеріп тұр. «Бр-р...» Өн бойымыз әлденеге діріл қағып, жаурағандай сезіндік өзімізді. «Ух, қандай суық еді!..» Сәлден соң күн ашылды. Ауыр- ауыр бұлттар тарқап, қиғаштай құйылған нұрлы шуақтан айнала құлпырып, мамыражай күйге енді. Інім екеуміз сыртқа шықтық. Иілген қайың бұтағындағы жұқа, сары жапырақтар самалмен дірілдеп тұр. Біз бақ ішіне кірдік. Бақ іші сары бояуға малынып тұр, тып- тыныш. Жаздағыдай құстардың әсем үні естілмейді. Тек табан астындағы тапталған жапырақтардың судыр- судыр еткен дыбысы бақтың тыныштығын бұзғандай.Інім сары жапыраққа алақанын тосты. «Қап, тесіліп қапты!» деді. Аяп тұр. Кенет сусылдап, күнбатыстан суық жел соқты. Ағаш жапырақтары ұша жөнелді. Біз үлкендердің «үстеріңді лас қылмаңдар!» дегенін ұмытып, жұп- жұмсақ жапырақтардың үстінде аунап ойнадық. Қайың, үйеңкі жапырақтарынан гүл шоқтарын жасадық. Ауа зілдене түсті. Көгілдір аспанға шыға келген бұлттар бірте- бірте қоюланып, жаңбырдың лебі есті. Әуелі ірі- ірі тамшылар батылсыз тамды да, кейін үдеп кетті. Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, қаңылтыр шатырды қақылай жөнелді. Көше іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Адамдар оны «жаңбырлы күз», «суық күз», «қара күз» деп, айыптап жатады. Ал біз оны «алтын күз» дейміз. Біз алтындай сап-сары жапырақтардан гүл шоқтарын жасап алып, үйге қарай жүгірдік. Апам бізге ұрыспайды

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/1572-k.html#read
© www.ZHARAR.com
4,4(96 оценок)
Ответ:
sofiacat06
sofiacat06
21.01.2023

Болашақ мамандығым - дәрігер

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам екі нәрседен қателеспеу керек. Біріншісі жар таңдағанда, екіншісі мамандық таңдағанда. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Мамандық таңдауда қателесуге болмайды, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты болмақ. Болашағымды таңдаған мамандығыммен байланыстырамын. Ол үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқып, медициналық университетке түсуім қажет.

Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер - ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар! Сондықтан «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз. Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек.

4,5(37 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ