Алуа жұлдызды, аспанды ұнатады, сондықтан аспан әлемінің құпиясы туралы көп оқиды. Аспан әлемінің құпиясы шексіз. Ол жұлдыздардың қозғалысын бақылайды. Жұлдыз газдан, плазмадан тұрады. Күшті қызған жұлдыздар жарық шығарады. Күн де, жұлдыздар да – аспан денелері. Күн жерге жақын. Сондықтан күн үлкен болып көрінеді. Жұлдыздар Жерден алыс орналасқан. Сондықтан олар кішкентай болып көрінеді. Түнде аспаннан 6 мыңдай жұлдызды көруге болады. Аспан әлемін бақылайтын адамдарды «жұлдызшы» деп атаған. Жұлдызшылар ауа райын, көктемнің келуін, жаздың шығуын болжаған. Ежелгі түркі жұлдызшылары «Жетіқарақшы», Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы жұлдыздарын ашқан. Алуа болашақта астроном болғысы келеді.
сұрақ жауап
1. жұлдыз неден тұрады ?
2. аспан денелеріне не жатады ?
3. ежелгі түркі жұлдызшалары қандай жұлдызшалары ашқан ?
4. алуа болашақта кім болғысы келеді ?
5. <<жұлдызшы>> сөзінің аудармасын жаз.
Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. Қазақстан осы санаттағы 30 озық елдің қатарына қосылуына мүмкіндік алды. Бұл бастаманы ұзақ жылдар бойы Еуропада жұмыс істеп, ақылды қала жобасын дамытуда француз компаниясында табысты қызмет атқарған маман Айжамал Сартбаева да қолдайды. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде көп жетістікке жеткен. Оған Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша ірі жобаға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені дәлел. Маман сандық технологияны күнделікті қолданысқа енгізу, өмір сүру сапасын жақсартады, дейді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасының жолдауында да осы пікірге басымдық берілгенін атап өтті.