М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Adalet555
Adalet555
04.02.2022 16:14 •  Қазақ тiлi

Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер эссе өтініш тез арада керек болып тұр​

👇
Ответ:
stik6
stik6
04.02.2022

Жергілікті аймақтың Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері. Экологиялық апат түсінігі — тек су, топырақ, ауаның ластануы мен тиімсіз қолданылуы ғана емес, сонымен бірге экожүйенің биологиялық құрамының бұзылуы — өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуы.

Түрлердің жойылуының бір ғана себебі — адамның шаруашылық іс-әрекеті: тікелей ізіне түсу (аңшылық, балық аулау, орманның кесілуі және т.б.) немесе жанама әсері (байырғы тіршілік ортасынан ығыстыру, ортаның тез өзгеруі). Өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылуы неге алып келуі мүмкін?

Биоценоздың — табиғаттың (элементарлық ұяшықтарының) тұрақтылығы бірден бұзылады. Ал бұл тізбекті реакция сияқты, одан да ірі кешендердің деградациясына және «ғаламшардың тыныс алуының» бұзылуына, топырақ құнарлылығының және биологиялық өнімдер алу мүмкіндігінің бірден төмендеуіне алып келеді.

Әр жоғалған түр қайта қалпына келмейді. Ғылым оны жаңадан жасап шығаруға дәрменсіз. Демек, адамдар әрбір биологиялық түрге тән құнды қасиеттерді пайдалана алмайды. Ал бұл — адамзат үшін орны толмайтын шығын.

Сондықтан 1948 жылы құрылған Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағы шеңберінде 1949 жылы «тірі қалу» бойынша комиссия құрылды. Олардың маңызды міндеттерінің бірі жойылу қаупі туып тұрған түрлердің тізімін жасап, оларды қорғау жолдарын анықтау болды.

Ағылшын биологі П.Скоттың ұсынысы бойынша жойылып кету қаупі туған түрлер тізімі Қызыл кітап деген атау алды. Қызыл кітаптың бірінші нұсқасы 1963 жылы шықты және ол сырт көзге қағаздар жинағы ретінде көрінді. Өр түрге жеке бір парақ қағаз берілді, онда түрдің атауы, оның статусы, таралуы, саны, жойылып кету себебі және оны сақтап қалу бойынша ұсыныстар көрсетілді. Кітаптың қызыл түсі жануарлар мен өсімдіктерге жақындаған қауіпті ескертеді. Кітап беттерінің қызыл түсі жойылып бара жатқан түрлерді, сары түсі саны азайған немесе жойылу қаупі бар түрлерді, ақ түсі сирек кездесетін түрлерді, жасыл түсі қалпына келген түрлерді білдіреді.

Объяснение:

4,4(45 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
capppcappi
capppcappi
04.02.2022

Әрине. Оған дәлел ,Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында былай делінген:"Біз үшін ортақ тағдыр-біздің Мәңгілік ел,лайықты әрі ұлы Қазақстан!Мәңгілік ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін,ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік,елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.Жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.Әсіресе жастарымызға мынаны айтамын.Бұл стратегия сіздерге арналған.Оны жүзеге асыратын да ,жемісін көретін де сіздер".Шынымен де болашағымыз өз қолымызда.

Объяснение:

4,4(67 оценок)
Ответ:
dashulyamikhay
dashulyamikhay
04.02.2022
1)Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын жетпіс бесіңіз, әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырығы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығын байқалған.
Есен болсын ұрпағынңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!                                                                      2)Әжеме кетсем жұғысып,
 Тапқандай болам сөз кенін.
 Ертегін қызық ұғысып,
 Тыңдаймыз көзбен көргенін.
4,8(25 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ