ответ:Сен қай қалада тұрасың?
- Мен Астанада тұрамын.
- Астана туралы не білесің?
- Астана – тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Ол - жаңа Қазақстанның белгісі. Астанада тарихи ескерткіштер, мұражайлар бар.
- Қай кезде Н. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды?
- 1997 жылы қазанның 20-сында.
Ал Қазақстанның алғашқы бас қаласы қай қала болған. ?
- Орынбор.
- Қазақстанның екінші астанасы – Алматы. Алматыда қандай қала?
- Алматы - үлкен, әдемі қала.
- Алматыда қандай театрлар бар?
- Алматыда - М. Әуезов атындағы қазақ драма театры, Лермонтов орыс драма театры бар.
-Қалада қанша адам тұрады?
- Миллионнан астам тұрғындар бар. Мен Алматы көруді армандап жүрмін.
Объяснение:
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.