М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Казактын саз аспаптары - гасырлар бойы ұрпақтан урпакка мирас болып,
көнеден келе жатқан мәдени
мұралардың бipi. Ертеде саз
аспаптарды агаштан, турлi
eciмдiктерден, малдын, терiciнен,
суйегiнен, муйiзiнен, кылынан жане
баска да турлi заттардан жасаган.
Домбыра - казак халкынын арасына
ете ерте жане кен тараган, ғасырлар
сырын сактаган кос iшектi, шертiп
ойнайтын музыкалык аспаптын бipi.
Озiне тан ерекшелiri бар, iшектi-
шертпелi аспаптар тобына жатады.
Даусы майда, коныр, кулакка жагымды.
Дауылпаз - ұрып ойналатын кене
музыкалык аспаптын бipi. Халык
турмысында кенiнен колданылган.
Эcipece, бурынгы кезде, жаугершiлiкте
дабыл кагып, белгi беру ушiн
пайдаланылган. Аспаптын жасалу
курылысыы анагурлым курделi.
Жетiген - казак халқының ете ерте
заманнан келе жатқан жетi iшектi
шертпелi музыка аспабы. Аспап
агаштан курастырылып жасалады.
Курылысы ете карапайым. Жетiген
аспабы талай жуздеген жылдар өтсе де,
баягы карапайым куйiнде.
Жетiлдiрiлген турiнде он уш iшек
байланып, арнайы тиектер қойылған.
Аспаптын унi ете назiк, кулакка Назiк, кулакка жагымды кобыз - танкаларлык пiшiндi жане ғажайып сазды, бай тембрлi аспап. кобыз казак халкынын ен кене аспаптарынын бipi болып табылады.кобыз екi шектi 40-ка тарта аттын узын кылы керiлген ыскышы бар аспап. .​


Казактын саз аспаптары - гасырлар бойы ұрпақтан урпакка мирас болып,көнеден келе жатқан мәденимұрала

👇
Ответ:
bgdadanilenko20
bgdadanilenko20
30.06.2022

3=4

4=1

1=2

2=3

Объяснение:

это правильно

4,4(49 оценок)
Ответ:
София9354
София9354
30.06.2022

1-а)

2-с)

3-д)

4-б)

4,8(97 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
PavelOlga
PavelOlga
30.06.2022
Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да, суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге:-        Ат басындай алтын берейін, қоя бер, - дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді.-        Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, - дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып:- Енді не берейін? - дейді бай. Кемпір:-        Жалғыз балаңды бер, жіберейін, - дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді. Кемпір байға:- Балаңды қай жерде бересің? - дейді. Сонда бай:-        Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың, - дейді.Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады. Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып жұртқа тастап кетеді. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады. Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын сақасын жоқтап, жылайды.Сонда әкесі:-        Кеше көшіп жүргенде жұртта қалыпты. Барып алып келе ғой, - дейді.Бала бармақшы болады да, әкесінен:-        Әке, қандай тайға мініп барайын? - деп сұрайды.-        Жылқышыдан сұрап мін, - дейді бай. Жылқышы балаға:-        Құрығыңды құлдыратып, жүгеніңді сылдыратып, жылқыға бар. Қай тай бетіңе қараса, соны мін, - дейді.Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге:-        Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! - дейді.Сонда кемпір:-        Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам - тұра алмаймын, тұрсам - отыра алмаймын, - дейді.Сонда бала:-        Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын, - дейді.Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді. Әрі-бері қуып жете алмайтын болған соң кемпір бір тісін жұлып алып, атып жібергенде тайдын бір аяғын жұлып түсіреді. Тай үш аяғыменқашып, жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады. Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де, кемпірге:-        Шеше, шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, - дейді.Кемпір жатады. Түлкі тісті суға атады да, қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады. Кемпір тұра келсе, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Кемпір тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі каза береді. Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп:-        Шеше, кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын, - дейді. Сонда жалмауыз кемпір:-        Сен кетпенімді алып қашып кетесің, - дейді.Сонда түлкі:-        Ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап жүргенде мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан бұл балада менің кегім бар, - дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді түлкіге беріп, өзі ұйқыға кіріседі. Түлкі тағы да кетпенін суға лақтырып жібереді де, шұқырды бітеп, өзі қашып кетеді. Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір тісін суырып кетпен қылып, бәйтеректің түбін қаза береді. Сонда кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты. Кемпір бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жаақындайды. Бір заманда баланың төбесінен бір топ қарға өтеді. бала қарғаға:- Ау, қарғалар, қарғалар, қанатымен жорғалар. Жайлаудағы бес төбетіме хабар айта кет, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, - дейді. Сонда қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді. Бір мезгілде үйректер төбеден ұшып өтеді, бала оларға да айтады. Олар да үндемей ұшып кете береді. Бір мезгілде бір қарлығаш бәйтеректің төбесінен әрлі-берлі ұшып жүреді де, баланың төбесіне келіп қонады. Бала қарлығашқа жылап тұрып, бұған да тапсырады.  
4,6(94 оценок)
Ответ:
SHAHRUKH575
SHAHRUKH575
30.06.2022
- Үш күннен кейін менің туған күнім, сенің келгенінді қалаймын.
- Үлкен рахмет шақыруына, бірақ мен бос болмаймын.
- Мен сол туралы ойландым, қай уақытқа қонақты шақырайын, саған жайлы болуы үшін. Қай уақытта сен бос боласын?
- Мен сағат 6-ға қарай босаймын. Қандай сыйлық алғын келеді?
- Маған сыйлық маңызды емес, бастысы сен келсен.
- Сен қай жерде туған күніңді өткізесін?
- Мен туған күнімді үйде өткіземін, сен 6-да менің үйіме кел, сен келсен мен өте қуанышты боламын!
- Жақсы, мен кешікпей келуге тырысамын.
- Уайымдама, біз сені күтеміз. Ұзақ кідірме!
4,8(69 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ