Қай дәстүр қай халыққа тән екенін айт. Ұлттық тағам «Наурызкөже» пісіреді Балалар көршілерінің есігіне баскиімін қалдырып кетеді Син әріпінен басталатын жеті түрлі тағам пісіреді Бұлақтардың көзін ашады, арықтарды тазалайды, ағаш көшеттерін отырғызады Наурызда арқан тартысады, қораз төбелестіреді. Наурызға дейінгі төрт сейсенбіні атап өтеді. Дастарқанға боялған жұмыртқа мен тиын қояды. Наурызды 13 күн тойлайды. Арнайы сыйлықтар алып барады.
ответ: Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.
Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:
Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.
Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.
Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.
Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.
Мысалы: Менің ағам "кеден қызметінің үздігі" марапатына ие болды.
Қазіргі таңда көптеген жарнама ғаламтор арқылы жасалады.
Биылғы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері тоғыз пайызға көтеріледі.
Демалыс күндері отбасымызбен Жеңіс саябағында серуендегенді ұнатамыз.
Мамыр айының соңғы күндері оқулықты кітапханаға тапсырып, оқушылар бір демалып қалады.
Кеше Мәдениет үйінде өткен Қуандық Рахымның концертінде зал көрермендерге лық толы болды.