Жігітті жолдасына қарап бағала
Атамыз қазақ "Жігіт жолдасынан белгілі, сарбаз қолбасынан белгілі" демекші, адам өзіне мінезі ұқсас кісілермен жолдас, дос болады. Шын достар бірінің жақсы қасиеттерін екінші үлгі тұтады. Сондықтан да "жігітті жолдасына қарап бағала" деген, себебі біраз уақыт жолдас болған адамдар бір бірінің бойындағы көп қасиеттерін өздеріне сіңіреді. Олар бір–біріне өте жақын, бірін – бірі тез түсінетін болып кетеді, - деген екен. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынас арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Досы жақсының өзі де жақсы деп бекер айтпаса керек.
Іздегенде әрдайым жанымыздан табылатын достарымыз аман болсын!
«Верный» *ден жандаралдар бұйрық қылды
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді
.«Отыз бір — он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық малын айтып
,«Кеткен соң қолдан шығып келмес қайтып»
, —Дейді де еңірейді, егіледі
,Қайғының күндіз-түні күйін тартып
.«Верный»дың қадам баспай қаласына,
Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
Ешбір ем табылмады іздесе де,
Халықтың жүректегі жарасына.
Пристов келіп қалды бала сұрап,
Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап,
«Қырсаң да баламызды бермейміз» — деп,
Тайсалмай әке-шеше жатыр сулап.
Пристов ашуланды «аламыз» деп,
(Жігіттер тұр: «бармаймыз, қаламыз» деп)
.«Егерде бұл түріңді өзгертпесең,
Басыңа бір ойранды саламыз» деп.
Ел-ел боп жыйылды кеп әрбір сайға,
Ал әлеумет, қараңдар мына жайға,
Сеңдей болып соғылып толқындады
«Бір сая бола ма — деп — шыбын жанға?
»Жыйылды бозбалалар бір кезекте
,«Қарғалы» деген тасқын бір өзенге
,Пристов кетті — «еріксіз аламын» деп,
Көресің бұл істі деп кезегінде.
Бәрін де ол пристов жаттап алды,
Басшыларын қағазға хаттап алды
,Аттандырып бұл елге солдаттарын,
Басты-басты кісіні саптап алды
.Күн ыстық қайнап тұрған сарша тамыз
,Жанында қан, малында қалмай маңыз
,Оразаның күні еді сол уақытта,
Бұл күнде оразаны не қыламыз
!Суында Қарғалының ауыз ашты