22 Наурыз мерекесі - әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орталық Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда, «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл мереке Ислам дәуіріне дейін тойланып, халық арасында ерекше қолдауға ие болып келеді. Ежелгі жыл санағы бойынша 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Жер үстінде шаттық салтанат құрады, табиғат пен адамның үндестігі орнайды. Наурыз - жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, әз Наурыз!», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. Наурыз мейрамы діни мереке емес. Бұл - қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алады, араларында араздық болса, бір-бірін кешіреді, игі тілектер айтады. Наурыз мейрамы Қазақстанда ресми түрде 1988 жылдан бері тойлануда.
1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңдар.
Сұрақтар Сөйлемдер
Не істейді?
Қандай?
Кімдер?
Нені?
Қалай?
Ата мен әже немере үшін ең жақын аяулы адамдар. Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлесін қосып келеді. Анамның қолы босамай қалған жағдайда, әжем жәрдемдесіп, менің қасымнан табылады. Ол өнегелі ғұмырын айтып, тәрбиеге бағыттап отырады. ... Ата мен немеренің жиі жолығып тұруы сабақтастық үшін аса қажетті шара, ынталы жасқа ата деген телегей-теңіз ақпарат арнасы емес пе? Сонда да жадымда сақталған бірер сөздерге тоқталғанды жөн көріп отырмын. Есім атам бес уақыт намазын қаза қылмаған, бірақ әдеттегідей діндар емес еді. ... Маған атамның сөзі оғаш көрінді, осы оғаштығымен менің жадымда сақталды. Егер түсінікті болғанда ұмыт болар еді.
Объяснение:бола ма?