ответ: ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.
ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде xx ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.
фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде xx ғасырдың 70–80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. зерттеушілер қазақ әдебиетіндегіндегі ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («ер төстік», «ұшқыр кілем», т. аңыздарын («қорқыт ата», «баба түкті шашты әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі рене гиль «сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі лукреций кардың «заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеумметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды , көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.
объяснение:
ответ: Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады.
Объяснение: