әкесі құнанбай
анасы ұлжан
әжесі зере
Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы, Абайдың ұлы шешесі. Зеренің азан шақырып қойған аты - Тоқбала. Әкесі Бектемір Найман ішінде Матайдың Қойгел руынан шыққан сыйлы а есімді қызы, Жанәлі есімді ұлы болған.Жанәлінің бүрпағы - Иранғали мен Қабікен Оңғарбаевтар бүгінде Семей қаласында тұрады. Өскенбай би 5 әйелінен сүйген. 3ереден - Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған),Құнанбай, Тайбала туған 3ерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «Кәрі әже» деп атапты. Қартайған шағында құлағы естімей қалған 3ере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Ал Абай өлеңмен оқып Зере әжесін үшкіретін болыпты. 3ере немерелері ішінде Ибраһимді алабөтен жақсы көрген. Абайды қойнына алып жатқызып, еркелете-еркіндете есірген ақылды, зейінді, жұмсақ мінезді, мейірімді 3ере немересіне Абай деген аяулы ат қойса, туған анасы мен кіші шешесі Ибраһимді - Телғара деп атаған.
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. Уақыт - емші, уақыт - төреші деген де бар. Осылайша, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған.
Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. А уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ. Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін біл, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос уақытты қадірле және өлмей тұрып, тірілігіңді ғанибет біл деген сөз содан қалса керек.