М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Georgeo19rus
Georgeo19rus
21.03.2021 01:25 •  Қазақ тiлi

Тарихи деректер мен көркем әдебиеттер негізінде « Қазақстанға жер аударылған немістердің тағдыры » тақырыбында шағын эссе жазыңдар .​

👇
Ответ:
Верочка1317
Верочка1317
21.03.2021

Объяснение:

Кеңес одағының жоғарғы кеңесі 1941 жылы 28 тамызда немістерді жер аудару туралы бұйрық шығарғаннан кейін сол жылдарда 1 млн 200 мың адам жер аударылған.

1941 жылы Кеңестер одағының Еділ өңірі мен Поволжья аудандарын мекен еткен немістерді күштеп жер аудару туралы бұйрыққа сол уақытта Кеңестер одағының жоғарғы кеңесі президумының төрағасы болған Михаил Калинин қол қойған. Аталмыш құжатта: “Поволжья ауданында тұрып жатқан неміс халқының арасында Кеңес одағының жауы болған Германия үшін жұмыс істейтін мыңдаған диверсанттар мен тыңшылар бар. Олар Поволжья ауданында төңкеріс жасауы мүмкін. Бұл құжат сол себепті қабылданып отыр”, деп айтылады.

Қазақстандағы неміс ұлтының өкілі жазушы әрі аудармашы Герольд Бельгер бұл саясат Қазақстандағы неміс ұлты санының айтарлықтай өсуіне әсер етті, дейді.

“Сол жарлықтан соң іле-шала Ресейдің Мурманск, Ленинград, Мәскеу, Краснодар өлкелеріндегі Әзербайжан, Армения, Грузияда тұрған немістерді Қазақстанға эшолон-эшолонмен әкелді. Жалпы санақ бойынша сол жылдары Кеңестер одағында 1 млн 120 мың адам жер аударылған. Оның 462 мыңға жуығы Қазақстанға келіп қоныстанған. Мінеки, содан бері Қазақстанның кез-келген жерінен немістерді кездестуріге болады”, - дейді Герольд Бельгер.

4,6(48 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Zagadochnaya
Zagadochnaya
21.03.2021

Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. 2) Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған. 3) Геродот (гр. Ἡρόδοτος)– ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарих атасы» деп танылған, әйгілі "Тарих" кітабының авторы, жиһанкез. Ол шамамен б.з.б. 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар.

4,4(5 оценок)
Ответ:
eduard22222
eduard22222
21.03.2021

іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.


        Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен   Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.


        Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.


        Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...

4,4(78 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ