М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
MikasaHasegava
MikasaHasegava
09.01.2021 15:11 •  Қазақ тiлi

Табиғаттан үйлесімді ештеңе жоқ,табиғаттан ретті ештеңе жоқ эссе.​

👇
Ответ:
Сашуньк
Сашуньк
09.01.2021

ответ:Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзге қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты мол, тұжырымы кең ой жатыр десеңші!

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өткені адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.

Қазақ халқының бар өмірі тіршілігі табиғатпен тікелей етене байланыста өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп оның саналуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлерге келді Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарымен, заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатты.Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі, құрамдас тобы деп есептеледі. Сондықтан да табиғатпен бірлікте өмір сүруі қажеттігін ерте кезден-ақ сезіне біледі. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді.Осыған орай халқымыздың да мінез-құлқы бірте-бірте қалыптасып, ондай қасиеттер атадан-балаға, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.

Қазақ халқының халық педагокикасындағы асыл мұраларының бірі-табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілігі қасиеті болды. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады.

Объяснение:

4,4(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
haaahahaha12345
haaahahaha12345
09.01.2021

Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді, тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады.

— Қыз жақтырмай жүрген болсаң, мен саған қызы жағатын елді айтайын. Алты арыс Шекті деген ел бар. Ақжайық деген өзеннің бойында болады. Сіз соған барыңыз. Шектіден бір қыз тауып қайтасыз, - деді. Төлеген айтты:

— Қанша күнде барамын?- деп. Сәудегер айтты:

— Жүз күнде барасың деді және жетпіс бес күндік бір жолы бар, оның қырық күншілік шөлі бар онымен жүре алмайсың, -деді.

Онда Төлеген тұлпардан туған бір көк жорға атты алдырып, алтын-күміс тұрман жасатып, гауһардан тастар орнаттырып қасына сексен жігіт жолдас алып, қырық нарға азық арттырып, тоғыз түйеге ділдә, жамбы артып Наурыз айы туғанда жүрді дейді.

Базарбайдың Төлеген,

Ерте туған көбеген.

Сексен жігіт қосшы алып,

Он бес жігіт басшы алып,

Ақжайыққа жөнеген.

Айдың өткен шешесі,

Ай қараңғы кешесі,

Падишадан кем емес,

Ер Төлеген мүшесі.

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

Артынан қуып келіпті,

Өлгенде көрген шешесі.

Шешесі келіп сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

«Мінгене аттың аласын,

Менен туған баласың.

Қал дегенде қаласың,

Айтқан тілді аласың!

Қал дегенде қалмасаң,

Айтқан тілдді алмасаң,

Құрттың анаң шарасын!

Өлгенде көрген қарағым,

Ата-анаңды зарлатып,

Қай жаққа кетіп барасың?

Анаң келді зарланып,

Әкең отыр сандалып.

Көре алмаған көп дұшпан

Сыртыңнан келер қамданып,

Сен кеткен соң, қарағым,

Кім ойлайды кемпір-шалыңды?

Сансызбай болса жас еді,

Жүреміз кімге алданып?»

Төлеген сонда сөйлейді:

«Қой, шеше-еке-ау, жылама,

Жылағаның бола ма?

Бекер босқа шеше-еке-ау,

Көзіңнің жасын бұлама!

Жиырмаға келгенше,

Маған қалың бермеген,

Тең құрбымдай көрмеген,

Құм құйылсын көзіңе,

Осы екен саған сыбаға!»

Шешесі сонда сөйлейді,

Сөйлегене не дейді;

« Кейін, балам, қайт-сана,

Анаңа сырың айт-сана.

Патша қызын алсаң да,

Өз еліңде жат сана.

Біреудің тілі тимей ме?

Қартайған атаң Базарбай,

Сенің үшін күймей ме?

Ел ішінде тентек көп,

Дүние кезіп жүргенде,

Тентіреген демей ме?!

Ата-анасын зарлатып,

Бір қыз үшін кетті деп,

Дос-дұшпаның күлмей ме?»

Төлеген сонда сөйлейді:

«Айналайын шешееке-ау,

Құмар иттей қаңғырып,

Бұралқы болар қораға,

Бір жорытпай шеше-еке-ау.

Сірә, көңілім тынар ма?

Талап қылға ісінен –

Ат басын ерлер бұра ма?

Жаман, жақсы болса да,

Алланың болар әмірі,

Өз айтқаның болар ма?

Тілімді алмай кетті деп,

Қапа болып жылама.

Мен Жайықтан қайтқанша,

Жүзіңді есен көргенше,

Ата-анамды, мал-жанды,

Тапсырым алла, құдаға».

Анасы сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

«Өлкенің көркі тал болар,

Өзеннің көркі жар болар,

Жігіттің көркі мал болар,

Малың болса, қарағым,

Қара басың хан болар.

Алуа асап, іштің бал,

Жая шайнап, жедің жал,

Кетер болсаң, қарағым,

Жылқыдан таңдап қырық жорға,

Өзіңменен айдап ал.

Сансызбай болса, жас еді,

Сен кеткен соң қарағым,

Сүйеніп кімге күн елтер –

Артыңда қалған кемпір, шал?»

Төлеген сондай сөйлейді:

«Мінгене атым ала-ды,

Сенен туған баламын.

Көңіліме түсіп бір хиял,

Сапар шегіп барамын.

Алла нәсіп айдаса –

Бір сұлу қызды аламын.

Алла нәсіп етпесе,

Ендігі сөздің қысқасы,

Мекке таман барамын».

4,5(44 оценок)
Ответ:
PolyMoly1
PolyMoly1
09.01.2021
«Суды үнемдеу - адамзаттың маңызды міндеті» тақырыбындағы эссе.

Суды үнемдеу адамзат үшін маңызды міндет.

Су біз үшін өте маңызды екенін бәрі біледі. Неліктен екенін білейік. Су Жер бетінің үштен бірін алады. Ғалымдар адамның бірнеше күн бойы сусыз өмір сүре алмайтынын көрсетті. Бұл таңқаларлық емес, өйткені адам өмірдің негізгі процестеріне жауап беретін судың үштен екісі. Барлық жануарлар мен өсімдіктердің өмірі суға байланысты.
Су біздің айналамызда - жапырақта, ағаштардың шоқтарында, жаңбыр тамшыларында. Ол жердегі барлық нәрсені өмірмен толтырады. Сусыз өсімдік өспейді және мал ұстауға болмайды. Сондықтан біздің ата-бабаларымыз су көздеріне жақындады, жаңбырды құрметтеді және тіпті құрбандықтарға ұсынды. Заманауи әлем, кез-келген өндірісті сусыз суға түсіру мүмкін емес.
Енді кез келген уақытта бізде ауыз суға қол жетімді, ол үйдегі краннан шығады. Біз кофе жасай аламыз, тазалап, жууға, жууға, қалаған кезде. Біз суды құтқару үшін пайдаланылмаймыз, біз қажет судың көп мөлшерін құйып аламыз. Және ол салдары болмайды.

Көптеген дамушы елдерде ауыз су тапшылығы бар. Сақтау үшін су сағатты қосады. Әлемдегі ғалымдар су тапшылығы мәселесінде жұмыс істеп жатыр және оны шешудің әртүрлі жолдарын іздейді. Ықтимал жолдардың бірі Солтүстік полюстен мұзды жеткізу болып табылады, онда үлкен ауыз су бар.

Және осындай уақытта біз өмірлік маңызды ылғалдылықты сақтап қаламыз деп ойламаймыз. Бірақ бұл қиын емес. Суды суды пайдалануды тоқтату жеткілікті, ашаны ашық қалдырмаңыз, оның жұмысын қадағалаңыз. Үйде санауыштарға суық және ыстық су үшін орнату өте тиімді. Менің отбасым мен суды үнемдейміз. Біз ұзақ ваннаны қабылдамаймыз және душ қолданамыз, бұл уақытты ғана емес, суды да үнемдейді. Бір уақытта біз теледидардағы бағдарламаны көрдік, онда айтылғандай, біздің тісімді тазарту кезінде әрбір адам тәулігіне 44 литр су ағызады. Содан бері біздің отбасымыз тістерді щеткамен тазарту кезінде суды өшіруді шешті. Көп уақыт бойы суды үнемдеу әдеті дамыды. Және бұл қиын емес және қиындықтар туғызбайды. Өкінішке орай, бұл туралы барлық адамдар ойланбайды. Менің ойымша, бұл мәселені барлық адамдар мен әсіресе оқушылар назарын аудару керек. Сондықтан, мүмкіндігінше, экология тақырыбына сабақ сағаттарына қатысамын және жасөспірім оқушыларға отбасымның үлгісімен суды қалай құтқаруға болатынын айтып беремін. Бірде осындай сабақтан кейін аптасына бір кішкентай қыз келіп, тістері мен щеткаларын тазалап, суды өшіретінін айтты. Және бұл шабыттандырады. Сондықтан мен адамдарды суды үнемдеудің маңыздылығы туралы айтып бермеймін және осы мақсатты жүзеге асырудың көптеген жолдары мен мүмкіндіктері пайда болады. Егер біз бәріміз бірлесе жұмыс жасасақ, онда бұл мәселені шеше аламыз.
4,7(74 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ