М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Darina20041310
Darina20041310
04.09.2021 20:01 •  Қазақ тiлi

1.Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. А жалғыздықта өмір сүре алмайды. Әрдайым арқа сүйенетін адамға мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да, қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Әрбір адам өзінің жағдайын ғана ойлайды. Сол сияқты бізді ата- анамыз асырайды, оқытады, тоқытады, біз үшін бәрін беруге дайын. Қартайған шағында кез келген ата-ана көмекке зәру болады. Өз құрсағынан шыққан сәбиден әрине жақсылық күтеді. Ең жақын адамдарымызды бағалайық.

2. Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен - кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят. Ал мен болсам а өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін - дейді Ар. Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, - дейді. Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың - адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам - нағыз адам. Үшеуің де а ауадай қажетсіңдер, біріңді - бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс - ағасы, ар - інісі, ұят - кіші інісі болып, бірге өмір сүріпті.
.
1. Екі мәтіндегі ақпаратты салыстырып, ортақ болатын тақырыпты анықтаңыз.

👇
Ответ:
olyalyolya
olyalyolya
04.09.2021

Басты қасиеті: адамгершілік, ұят, қазақилық

4,7(70 оценок)
Ответ:

1-ші мәтін адамгершілік туралы айтады

2-ші ар ұят туралы айтылған

Ортақ тақырыбы адамгершілік ая ұят мінез-құлық

4,5(47 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
andreygavrilov
andreygavrilov
04.09.2021

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін  дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы  нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.

4,5(92 оценок)
Ответ:
Kate24512
Kate24512
04.09.2021

Туған жер дегеніміз – әркімнің өзінің туып өскен елі, жері, мекені. Әркім өз елін өзінің алтын мекеніне теңейді. Туған жер әркімге ыстық болып келеді. Мен өз туған жерімді жанымнан артық жақсы көремін. Менің туған жерім – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті. Қармақшы ауданының табиғаты әсем, әдемі, көрікті. Менің туған жерімнің табиғатына қызықпайтын адам жоқ десе де болады, әсіресе алуан түрлі гүлдері жайқалып көздің жауын аларлық. Менің туған жерімде көптеген мектептер, балабақшалар және қызығатын, бос уақытымыз тиімді өтетін оқушылар үйі бар. Қармақшы ауданының тұрғындары бір–бірімен тату–тәтті өмір сүреді. Жалпы Қармақшы ауданы емес, Қазақ елі тату – тәтті, ұйымшыл, заманымыз тыныш. Соған барлығымыз қуанамыз. Қазақстан жерінде он төрт облыс бар, оның ішінде қаншама ауыл, аудандарда жетерлік. Біздің аудан қанша кіші болғанымен, қаншама тұрғыны бар. Ол тұрғындардың барлығы өз елін, туып өскен жерін жақсы көреді. Менің туған жерімнің табиғаты әсем, топырағы құнарлы, шөбі шүйгін. Мен туған жерімді мақтан тұтамын. Біздің Қазақ елін, жерін қаншама жыл бұрын ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған. Аянбай күресіп, қазақ жерін аман алып қалған. Батырларымыз ел үшін, жер үшін аянбай еңбек етіп күрескен. Біз солардың еңбегін ақтап елімізге, жерімізге аяушылықпен қарап, күтіп баптауымыз керек! Маған өз туған жерімнің күні де ыстық, түні де ыстық...

4,7(44 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ