. Диана Сеттерфилд «Он үшінші ертегі»
Готика стиліндегі қызықты оқиға. Кітапты оқып отырып мистикалық, тылсым атмосфераға енесіз. Ескі жекежай, отбасылық құпия, елестер мен тағдырдың қулығы... Нағыз айлалы сюжетті жақсы көретін жандарға арналған.
2. Иэн Макьюэн «Амстердам»
Адамның айналасындағыны жаман жаққа өзгертуі мүмкін екендігі баяндалған. Газет редакторы әйгілі ме, әлде композитор ма? Оқып отырған кезде ерекше әсерге бөлейді.
3. Дуглас Адамс «Галактикаға автостоппен»
Алғашқы сөздерінен-ақ оқырманды баурап алатын кітап. Юморға құрылған сюжетінің құндылығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оқыған кезде зеріктірмейтін классикалық фантастика.
4. Джон Фаулз «Коллекция жиюшы»
Сүр бойдақ жігіт күтпеген жерден лоторея билетінен көп ақша ұтып алады. Қызық, ол оны қалай жұмсайды екен? Көбелек жинаушы сұлуға ғашық болып, артынша махаббат хикаясы басталады. Махаббат оның өмірін жақсы арнаға бұра ма, әлде өзге жолды таңдай ма?
5. Виктор Пелевин «Омон Ра»
Кітаптың шынайылығы соншалық, автор оқиғаны шынайы өмірден алғандай көрінеді. Ал егер рас болса ше? Пелевин көтеретін тақырыптар әдеттегідей маңызды, әрі барынша толғандырады. Философиялық туындыны бірнеше сағаттың ішінде оқып шығуға болады.
6. Джейн Остин «Абырой мен жалған сенім»
Кітаптан көне Англия мен оның заңдарының иісі аңқып тұр. Оның мұнша атақты болуының себебі неде? Кітапта а ортақ тақырыптар баяндалған. Махаббат пен тәкаппарлық сезімдері айқасқа түседі. Анасы қыздарын бай адамға тұрмысқа шығаруға асығады. Бірақ көзі ашық, көкірегі ояу Элизабеттің көздегені байлық емес... Оны сүйіктіңізге сыйлауыңызға болады.
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетініңқазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады.
Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъекті ретіндегі жəне оның əрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін жоғары қоюында болып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының алғашқы кезеңнен бастап зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, өз конституциясында республика территориясында тұратын кез-келгеназаматтың толық құқықтылығына кепіл болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған.