М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
AlenaStypak
AlenaStypak
15.10.2020 03:26 •  Қазақ тiлi

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Қазақ тілі 5 «---» сынып БЖБ №1
Білім алушы
Оқу мақсаты:
5Т/Ж 3. Мәтін мазмұнын түсіне отырып, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтарды құрастыру;
5.2.5.1 Т/Ж Сын есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, зат есім түрлеріне дәлелді сөйлемдерден таба білу;
Бағалау критерий
-сұрақтарға жауап беру арқылы көтерілген мәселеге өз ойын білдіреді.
-сын есімнің
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңдар. Мәтінге қатысты оңай және қиын сұрақтар сұрастырыңдар
Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді. Бәрі мүмкін.
Адам тану-даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын.
Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан-дүниесінің айнасы.

Оңай сұрақ

Қиын сұрақ

Мәтінге қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

2-тапсырма
1. Деректі зат есімге мысал келтіріңіз
2. Дерексіз зат есімге мысал келтіріңіз
3. Жалпы есімге мысал келтіріңіз
4. Жалқы есімге мысал келтіріңіз
3-тапсырма
Сын есімнің мағыналық түрлерін қатыстырып, өзіңізге ұнайтын тұлғалардың біріне Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Бауыржан Момышұлы, Бердібек Соқпақбаев жайлы мәтін құрастырыңыз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
swietajakubiak
swietajakubiak
15.10.2020

1. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

2. Абай Құнанбаевтың әкесі- Құнанбайдың 4 әйелі болған. Солардың ішіндегі екіншісінен Ибрахим(Абай) туылады. Анасының аты-Ұлжан,ал әжесінің аты-Зере еді.

3. Абай кішкентай кезінде әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медерсесінде оқиды. Ол жерде оқуын біткеннен кейін ары қарай білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады, сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай тілінде жазылған ертегі, дастандарды оқиды.

4. Желсіз түнде жарық ай, Қыс, Күс, Жаз

4,5(28 оценок)
Ответ:
kjmhngbfv
kjmhngbfv
15.10.2020

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.

Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.

Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.

Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.

Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.

Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.

4,5(1 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ