1. Мәтіннен Астана қаласының абыройын асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды іріктеңіз . Неологизм сөздер , термин сөздерді ажыратыңыз . Асқақтай бер , Астанам ! Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын , әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып , бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты . Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын , салиқалы саясат , тұғырлы экономика , дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті . Соның айқын дәлеліне келсек , 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп , Астана Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейіқуаттала түскендей болды . Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар , жоғары деңгейдегі халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы . Бір сөзбен айтқанда , Астана қазақ даласының ғана емес , күллі Орталық Азияның , Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді . Ал ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да Астанада өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз . Расында , ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес , даңқын асыра түсті . Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес. бжб 6-сынып 1-тапсырма қазақ тілі
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнан айналдым!
Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!