Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың қоғамда алар орны орасан зор.
Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз.
Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мүлдем қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін. Сонда өскелең ұрпақтың кітапқа оқуға деген қызығушылығы арта түсер деп ойлаймын.
Объяснение:
Біздің туған тіліміз, ана тіліміз - қазақ тілі. Біз ана тілімізде сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, білім аламыз. Әр ұлттың өз туған, ана тілі болады. Ана тілі бізге анамыздың ақ сүтімен дарыған. Сәбилердің ең алғашқы сөздері "Ата", "Апа", "Әке", "Ана" әлемдегі ең тәтті сөздер деп үлкендер айтады. Ал, анамыздың "Айналайын " дегені әлемдегі ең жылы сөз деп ойлаймын.
Барлық адам түрлі тілді білсе де, өз тілін құрметтеуі, қастерлеуі керек. Біз осындай тілімізбен мақтанамыз!
Ана тілім - баға жетпес байлығым.
Ана тілім - ар-ұятым, айбыным,
Ана тілмен жырлаймын талай жырымды.
Ақындарша төгіп талай сырымды,
Ана тілім - қазыналы,шұрайлы.
Ана тілім - талай елге тарайды,
Ана тілде сөйлейміз мына біз,
Ал, құрметтеу, азаматтық парыз!
Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
ответ:Кітап туралы шағын шығарма.