Қазақ көшіп - қонып өмір сүрген халық. Олар көшіп жүріп жер бедерінің сан алуан түрін кездестіретін және соның әр қайсысына ат қойып отырған. Ал бұл көріністермен ерте кездегі қазақ балалары туа таныс болатын. Өйткені бүкіл тіршілігі табиғат аясында өтетін еді.
Табиғат демекші, әлемде табиғаттай күрделі, құдіретті, бай нәрсе жоқ. Ол адамнан бастап, өлі - тірі заттың бәрін де жарата алады және шетінен жойып та отырады. Мысалы, жанды зат өледі, өсімдік шіриді, тас үгіледі, сүйтіп топыраққа айналады. Сондықтан да дүниедегі ең асыл зат топырақ десек, қателеспейміз. Өйткені әлемдегі бар затты бойына сіңіретін де, оны қайтаратын да - топырақ. Топырақтан сан алуан өсімдіктер: шөптер, ағаштар, жемістер, дәнді дақылдар, гүлдер т.б. өз қажетін алып, өсіп шығады.
Байқап көрсек, жер атымен атауы осындай бір ерекшелігіне немесе бедеріне қарай аталады екен.
Бұрынғы ауыл балалары бүгінгідей ғылыми зерттеп білмесе де, көзімен көріп, ортасында өсетін. Бір сөзбен айтқанда табиғатты туа танитын.
Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының ең әсем бейнелерінің бірі.Шатқал бойымен ағатын Шарын өзені Алатаудан басталып, Іле өзеніне құяды. Шарын өзеніне кіші өзендер келіп құяды. Өзен ағысы секундына 10-12 шақырымға жетеді. Өзеннің арнасының кеңдігі 35-40 метрге дейін жетеді.
Шарын шатқалының табиғаты жануарлар мен өсімдіктерге бай. Бұл жақта ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25, сүтқоректердің 62 түрі мекендейді. Шатқалда өсетін 1500 өсімдіктің 17 түрі «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» енген.
Xmzmv akwodjnc slcnlfnmbn slrlhglfnj alelvxmvxkc aoedn..