2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз. Әуесқой (антоним) -
Қол астында (синоним)-
текст:
Данияр Маратұлы Елеусінов (13 наурыз 1991 жылы, Березино ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Марат қол астында жаттығады. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
2015 жылы Елеусінов Отбасы Астанада қалалық конкурсында «Mereylі отбасы-2015» атағын жеңіп алды.
Орал қаласында оқушыларға арналған Данияр Елеусінов атына бокс орталығы ашылмақ
у нас соч идёт
Астананың көрікті жерлері
Астана-әлемдегі ең жас қалалардың бірі. Жылдан жылға құрылысы қарқынды дамыған қала көрікті жерлерге толы. Соңғы жылдары қалаға туристік сапарлар мен келетін шетелдіктер көбейген. Оған елімізде өткен ЭКСПО көрмесінің де ықпалы көп. Әлемнің 55 елінен келген қонақтар елімізге жоғары баға беріп кетті.
Сонымен, Астанаға келген қонақтар қаланың қай жерлеріне барған дұрыс, Астананың көрікті жерлері қандай?
Бейтерек – Астанадағы ерекше құрылыстардың бірі. Биіктіктігі 97 метр болады. Бас қалаға барған кез келген қазақстандық тұрғын «Астана-Бәйтерек» кешеніне баруға тырысады.
«Бәйтерек» монументі металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған. Астананың нышанына айналған алып шардың диаметрі - 22 метр болса, салмағы - 300 тонна. «Хамелеон» әйнектерінен салынған құрылыс алыстан көз тартады.
Ғимараттың жоғарысына жедел саты арқылы көтерілуге болады. Оның жоғарғы қабатындағы үлкен зал арқылы қаланың көп жеріне көз жеткізесіз. Астана қаласы алғаш тұрғызылған жылы «Бәйтерек» кешенінен қаланың барылығы көрінетін және нышан қаладағы биік ғимараттардың бірі болды. Қазір жас қалада одан бірнеше есе биік ғимарттар пайда болды.
Залдың қақ ортасында әлемдік дін өкілдері қол қойған 17 жапырақты ағаш глобус бар. Қазақ елінің бейбітшілік нышанына айналған «Аялы алақан» да осы жерде. Ол жерден тұңғыш президенттің қолтаңбасын көруімізге болады. Жоба сәулетшісі - Норман Фостер.
«Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы
Орталық әлемге танымал сәулетші Нороман Фостердің туындысы. Ғимарат салмағы 2300 тонна болатын металл қондырғыдан тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метр. Орталықтағы арнайы қондырғылар ішкі температураны бірқалыпты сақтайды. Алты қабатты сауда орталығына Астанаға келген қонақтар жиі барады.
«Думан» ойын-сауық кешені
Қаладағы үлкен демалыс орындарының бірі – Думан ойын-сауық кешені. Орталықтың ерекшелігі онда үлкен 11 океанарум мен кинозал бар. Океанарум қалыңдығы жеті сантиметрге жетеді және 70 метрлік дәлізге созылып жатыр. Су қоры 3 миллион литрге жететін шағын мұхитаралдан теңіз жәніктерін де көруге болады.
Кешен 2003 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс жасайды.
Орталықтың күмбезді залынан Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қабырғасы, Галикарнас кесенесі, Бостандық ескерткішінің үлгісін көруге болады.
Халық арасында «пирамида» аталып кеткен Бейбітшілік және Келісім сарайы Әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайын өткізу үшін арнайы салынған.