Құстарға қамқорлық.
Құстар - біздің досымыз, олар табиғаттағы керемет тіршілік иелері. Көк аспан құстардың мекені, аспанды құссыз елестету мүмкін емес. Олар тамаша әуендерімен айналаны әсем әнге бөлеп, адамдарға керемет көңіл – күй сыйлайды. Осындай кішкентай ғана тіршілік иелерінің адамға да біршама пайдасы бар. Олар бау - бақша, егістік жерлердегі жәндіктерді жеп табиғатқа пайдасын тигізеді екен. Сондықтан құстарды қорғау және егістікті бау - бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштарды көбірек егу керек. Сонда құстар біздің жерден алатын азық - түлік өнімдерімізді құрттардың құртуынан, жәндіктердің жеуінен құтқарады екен. Біздің күнделікті жеп отырған азық – түлігіміздің мол болуы – құстардың арқасында. Сондықтан қолымыздан келгенше құстарға оңтайлы жағдай жасап, күтім көрсетуіміз керек.
Құстардың бір бөлігі құзде ұшып кетпейді, сол жерде қыстап қалады.
Оларды қыстап қалатың құстар деп айтады.
Қыстап қалатың құстар:торғай, көгершін, қарға, көкшымшық, тоқылдақ ,т.б. жатады.
Күн суытып, жыл құстары жылы жаққа кеткен кезде қыстап қалатын құстарды қыстың аязынан қорғап, қолымыздан келгенше оларға ұя салып, жем шашып, қамқор болсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Ойымды келесі өлең жолдарымен тәмамдасам деймін:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!
Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.
XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.
Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі — патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.[1]