Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.[1]
1. А)
2. С)
3. Атам қазақ «Бірінші байлық – денсаулық» деп тегін айтпаған ғой. Бұл орайда әр адам өз денсаулығына дұрыс мән беріп, денсаулығын күту мәдениетін қалыптастыруға назар аударғаны жөн. Өйткені адам капиталының сапасы мен саны оның денсаулығына тікелей байланысты екені сөзсіз. Яғни дені сау ұлт қана өміршең мемлекет құра алады.
Осы ретте елімізде халық денсаулығын жақсартуға барынша көңіл бөлініп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, республикада соңғы 20 жылда мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны салынған. «100 мектеп және 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында заманауи емдеу орталықтары көптеп ашылды. Алайда соған қарамастан, түрлі ауруға шалдыққандар саны жылдан жылға өсе түсуде.