Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Жеңіл көлік түрлеріне сипаттама.
Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында көлік байлық белгісі емес, қажеттілікке айналып отыр. Себебі "Уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан қоғамда адамдар уақытты аса жоғары бағалап, барлық жұмыстарды уақытында, дер кезде бітіруге, баратын жерлеріне жылдам баруға тырысады. Ал бұл көліктің көмегінсіз мүмкін емес. Көлік болған жағдайда кез келген жерге жылдам әрі уақытында баруға, кез келген нәрселерді сатып алуға, көшіруге, әкелуге, тасымалдауға ыңғайлы. Тіпті бүгінгі күні қыздар мен әйелдер қауымы темір тұлпар тізгінін өз қолдарына алып, ер адамдармен бірдей көлік мінеді. Мұның өзі көліктің қажеттілікке айналып отырғанының бір белгісі деп білемін.
Жеңіл көліктер ыңғайлы, заманауи, қажетті, жылдам, жанармай немесе электр қуатымен жүретін, электр қуатымен жүретін көлік болса - қоршаған ортаны ластамайтын.