Сурет галереясында
Өткен демалыс күні біз сынып жетекшімізбен бірге Қазақстандағы бейнелеу өнерінің баға жетпес інжу-маржандарын жиып-терген «Астана» ұлттық сурет галереясындағы «Кескіндеме» залына бардық. Залда отандық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылар Ә.Қастеев, А.Исмаилов, Н.Хлудов, К.Қожықов, А.Черкасский, П.Зальцман, А.Бортников, сондай-ақ кәсіби суретшілер С.Айтбаев, Ш.Сариев, Ж.Шарденов, М.Кенбаев, А.Ғалымбаевалардың еңбектері келушілер назарына ұсынылған екен. Аталмыш өнер иелерінің шығармалары Қазақстанның классикалық кескіндеме өнерінің қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Өз шығармаларында суретшілер өткен жүз жылдықтағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне терең мән берген. Олардың шығармалары бір мезгілде үйлесімді әрі қарама-қайшы болуымен қатар, дәстүрлі өнердің қарқынды дамуына ықпал еткен нығайтқышқа айналды.
Қайсына қарасаң да ерекше сезімге берілесің. Біреуінде періштеден пәк сәбидің жүзі, екіншісінде табиғаттың әсем көрінісі бейнеленген.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласының аясында көркем сурет галереясында да қыруар жұмыстар атқарылып жатыр екен.
Осынау галереяны аралап жүрген сәтімде отандық суретшілердің салған картиналарын тамашалап, өте тәнті болдым. Қай - қайсысы да маған ұмытылмас әсер қалдырды.
Өзім де бос уақытымда сурет салумен айналысатындықтан, болашақта менің де өз көрмем болғанды армандаймын!
Сенім - адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім, елес, идеялар.[1]
Сенім, наным — адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды, пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі.
діни илану, діншілдік наным;
сену, нану.
Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Қажеттіліктерін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен әлеумет заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды. Адамның адалдығына сеніп, оны құрметтей білу — әдептілік. Сол сияқты бүкіл әлемге жақсылық ойлау адамның тұлғалық бейнесі. Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп, іс-әрекетке кіріскен кезде ғана, ол жоғарғы нәтижелерге жете алады. Сенім — адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім. Сенім — адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа сену, еңбекке сену, жақын адамдарға сену, дінге сену, т.б.). Сенім үміттен басталады. Сенім адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Бұл адамның нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты.[2]