Барысы:
«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Казталовка орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Оқушылар сәлемдемесі (20 оқушы)
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы: Рахмет Сая.
2-жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.
1-жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
Дастархан басында жиналғандар да қалай болса, солай отыра қалыспайды. Жасына, сый-құрметіне қарай әркімнің отыратын жері болады. Кішкентай нәрестелер, бүлдіршін бала ата-аналарының қасында отырады, өйткені, олар дербес, өз беттерімен тамақты ішіп-жеп, ас құйылған ыдыстарға иелік жасай алмайды. Ал, ер жеткен балалар ата-аналарынан, басқа да үлкендерден төмен орын алуға тиіс. Бірақ, бойжеткен қыз есік жаққа отырмайды. Ал, қонақ болса, үй иесінен жасының үлкен не кішілігіне қарамай төрде отырады. «Мейман атаңнан да үлкен» деген сөз содан шықса керек.Дастархан жайылып, тамақ қойылғаннан кейін, алдымен жасы үлкен кісі дастарханға бата жасап, «бісмілла» деп табаққа қол созып, астан ауыз тиеді де, ет болса сүйектерін кесек етінен ажыратып, отырғандарға өзі үлестіріп береді немесе ондай қызметті атқарып, етті турауды ыңғайы бар жасы кіші ер адамға, әдетте, жігіттерге тапсырады. Бүгінде ондай дәстүр қалып бара жатқанымен, әр жігіттің әсіресе той-томалақта, басқа да бас қосуларда табақтағы етті саспай, сасқалақтамай, жөнін біліп турай алуы қажетті саналады. Ал мұндай қызмет тапсырылмаған жасы кішілер мен балалардың алдымен табаққа қол салуы әдепсіздікке саналады. Олардың үлкендер тамақ алып отырғанда, олардан бұрын «жеп болдым» деп қолдарын сүртіп, дастарханнан шегінуі де жөнсіз, тұрып кету, тіпті, сөкет іс болып табылады. Өйткені, мұндай қылықтары арқылы әсіресе сырт кісілерді ыңғайсыз жағдайға қалдыруы және үлкендерді сыйламағандық, елемегендік, көзге ілмегендік болып қабылдануы мүмкін. Сондықтан, жастар, дастархан басында қонақ, сырт отырған үйдің иесі табақтастарының жағдайын ойлап, қас-қабағын байқап қимылдағаны, ізет сақтағаны жөн. Сөйтіп, олар табаққа бата сұрап, содан кейін орындарынан тұрулары керек.Дастархан жиналып, қол жуылған соң, қонақтар қайтуға ыңғай білдіргенде, үй иесі олардан бұйымтай сұрап, онан кейін хош айтысып, шығарып салғаны дұрыс.