М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nz010
nz010
23.09.2020 19:04 •  Қазақ тiлi

. Өлең жолдарының мазмұнын сақтап , өз сөзіңмен жаз . Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан , Бу бұрқырап қатып қалған тастардан . Күн күркіреп , жасын ойнап аспаннан , Бар тіршілік Наурыздан басталған ! Ел де тыныш ! Жер де тыныш – бұл күні , Көреміз тек қуаныш пен күлкіні . Табысқан жұрт таныс тауып жатады , Жамалғандай жүректердің жыртығы !​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
ilyavladimirov1
ilyavladimirov1
23.09.2020
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 
4,6(18 оценок)
Ответ:
простой221
простой221
23.09.2020

«Өнер» туралы мақал-мәтелдер:

Өнерлі өрде озар,  

Өнерсіз жігіт жер соғар.  

*   *   *   *   *

Өнерлі өрге жүзер.  

*   *   *   *   *

Ақыл көпке жеткізер,  

Өнер көкке жеткізер.  

*   *   *   *   *

Өнерліге өлім жоқ.  

*   *   *   *   *

Өнерлінің қолы алтын,  

Өлеңшінің сөз алтын.  

*   *   *   *   *

Өнерлі бала сүйкімді.  

*   *   *   *   *

Өнер білсең-өлмейсің.  

*   *   *   *   *

Өнерлінің өзегі толмас.  

*   *   *   *   *

Өнер-таусылмас азық.  

Жұтамас байлық .  

*   *   *   *   *

Бай болмасаң бай болма  

Өнер, білімге сай бол,  

*   *   *   *   *

Өнерлі қол бақытқа жол.  

*   *   *   *   *

Ілім-іштегі нұр,  

Өнер сыртқа салынған түр.  

*   *   *   *   *

Өнер таусылмас азық,  

Сарқылмас байлық.  

*   *   *   *   *

Өнерді үйрен  

Үйренде жирен.  

*   *   *   *   *

Өнер қанат  

Білім санат.

4,4(82 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ