М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
yuratihonov
yuratihonov
10.02.2021 18:17 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқып, ішінен 5 етістікке морфологиялық талдау жасаңыздар. текст:Наурыз мейрамы туралы аңыз:
Ерте заманда Қазақ елін әлсін - әлі жау шауып, ел бірде олай, бірде бұлай ауып, мал жаны қырылып, ел басына ауыр күн туыпты, сондай қилы да қасіретті жылдың бірінде Наурыз деген қария өзіне қарасты елін бастап елге қамал, малға жайлы бір қоныс қопалы аймақты қыстапты. Құдай оңдап, сол жылы азаматтары шабуыл жасаған жауды жеңіп, малжандары қыстан аман есен шығып, ел - жұрт мәре сәре болыпты.
Наурыз қарт үлкен есепші, астроном екен, ол күн мен түннің теңелген, жер бетінің бусанған дәл 22 - наурыз күні ерте тұрып ел аралап «Бүгін ұлыстың басталар күні, күнмен түннің теңелген, бота боздап, қой қоздайтын қасиетті күн, Жан - жануар, өсімдіктердің өсіп өнетін, жер анадан қуат алып, ерекше күйге енетін күн, Сондықтан барлық үй той жасаңдар! Бұдан былайғы атар таң – көрер жылдарымыз бүгінгідей қуаныш мерекемен басталар болсын! Ұрпақтарымыздың көңілін қайғы – қасірет торламасын!»,- деп әмір етіпті.
Сонда қарияға кемпірі күліп: ау, шал! Еліңде арықшылық уақытта той жаса дедің, қысылып әрең шыққан жұрт тойды несімен жасайды?,- депті.
Оған қарт күліп: тойдың қызығы байлық пен қарын тойдыруда емес, қайта көңіл көтеріп, рухани азық алуда, көппен бірге көңілді отырып ішкен бір ұрттам қара су мен бір аяқ көженің нарқы есерлікпен өткен 40 күндік сауық пен 40жыл жинаған байлықтан артық, ал енді кемпір отырмай сенде қабыңның түбін қақ,- депті. Қаптан бір кәрі жілік пен бірнеше кесек ет шығыпты.
Оны көрген қарт кемпіріне мақтанып! «жарайсың, кемпірім! Тұп - тура бір тойдың етін сақтапсың, дереу қазанға сал: қазанның құлағына төрт жапырақ май қой, оның біреуін пысқанда өзің же, біреуін үлкен балаңа бер, біреуін күйеу балаңа бер, біреуін немереңе бер, кәрі жілікті қарияларға тарт қалған еттерді турап көжеге салып жібер және көжеге арпа, бидай, тұз, құрт(айран, қатық ) сияқты жеті түрлі дәм қосылсын. кәрі жілік бабалар дәстүрінің жалғасы, дән өсіп өркендеудің белгісі болсын, су мен тұз ұрпақтарымыздың дәм тұзы жарасып мәңгі тату – тәтті өтуіне дәнекер болсын, айран, қатық айрандай ұйып, басымыздың өмірлік бір болып ақ көңіл адал ниетте болатындығымыздың куәсі болсын, Ал қазан құлағына қойып пісірілген төрт жапырақ май, төрт түлігіміз сай, бай - бақытты тұрмыс кешіруіміздің өмірлік бастамасы болсын, бүгінгі осы тағамнан дәм татқан үлкен - кіші, кәрі - жасқа түгел бір – бір жас қосып, осы той әр жылы дәл осы күні әрбір отбасы міндетті түрде өткізіліп отырсын!», деген екен.
Сөйтіп Наурыз қарттың елі қап түбінде қалған еттерін түгел қазанға салып ұлан асыр той жасап, жадап жүрген көңілдерің көтеріпті. Ел қарияға алғысын жаудырып, той қызығын әлде неше күнге жалғастырыпты.
Әне - міне дегенше жаз шығып, күз келіп, көзді ашып – жұмғанша қыста өтіп, тағы да көктем келіпті. Ел Наурыз қарияның ұйғарымы бойынша, көктем тойына ерекше әзірленіпті. Қария бұл рет жан - жаққа ат шаптырып, тойға маңайдағы алыс - жақын елдің бәрін шақырыпты. Тойға шақырушының бірі Алаша ханға барып «тақсыр, сізді ауылымызда өтетін тойға шақырып келдім»,- депті, Хан одан: «ау, бұл қай уақытта жасалған той, той деген жаз бен күзде жасалынбаушы ма еді? Ол кімнің тойы»,- деп таңдана сұрапты, тойға шақырған жігіт не дерін білмей сасқалақтап: «Наурыз деген қарияның тойы, наурыздың тойы»,- деген екен.
Сол күні ауа райы аса жайлы болса керек, хан шапанын жамылып далаға шыққан екен, төбесінен қиқулап қаздар ұшып өтіпті, көзіне дала төсінде тебіндеп келе жатқан жасыл өркендер шоқтай басылыпты. Сонда хан көкірегін кере дем алып «бұл бір өміршең өлмес той болып, ғасырдан - ғасырға жалғасқалы тұр екен»,- деп сүйіне тіл қатыпты, сүйтіп, сол той «Наурыз тойы» жеті дәмді біріктіріп жасаған көже «Наурыз көже» той өткен ай «Наурыз айы» аталып кетіпті.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
krisdenya2005
krisdenya2005
10.02.2021

Объяснение:

Қыс мезгілі біздің өлкеге де келіп жетті. Қыс әсіресе балалар үшін өте қызықты мезгіл. Жердің бетін ақ ұлпа қар басып қалыпты, ал ағаштар болса аппақ тоға киініп алғандай. Бұндай табиғи ғажайып қысты ең қызықты ,қуанышты мезгілге айналдырады. Бұл мезгілде балалар айырықша қуанышқа кенеліп, далада көп уақыттарын өткізеді. Олар қардан аққала жасайды, үйде шыршаны безендіреді, ата-аналарына және басқа туыстарына кәдесый әзірлеумен әлек болады. Оның үстіне, балалар коньки және шаңғы тебеді. Оны істей алмағандары, шанаға отырып қар үстінен сырғанайды. Олардың көңілі көтеріңкі болып, езулерінен күлкі кетпейді. Аппақ қар және қыс мезгілі а қуаныш, жаңалық, мереке мен береке әкеледі. Міне осының бәрі қыстың қызығы

4,8(57 оценок)
Ответ:
Алика666
Алика666
10.02.2021
Бүгін менің бірінші сапарым поезда. Тұңғыш рет ылғи толқыншы себебі не от күт- білмейсіңсапарлар. Сатып ал- билеттер мен айтар-айтпастан ғой вагон іздеу бардым. Тез арада вагон 13 нөмірдің астында тап- болды. Маған бол- сүйкімді осы сапардың атмосферасына деген тоғытады. Тез арада қашан барлық аттандыр- шық- өтініш жасады, поез тиді. Сияқты маған бой көрсет- біз тура бардық және ешқайда сворачивали. Мен қарадым, демді затаив, соң кісінің өмірінің, секундқа өткінші суреттерде приоткрывающейся, словно кинокадрларда. Тағы ылғи поезда маған ылғи жеу қала-, сол себептен
4,5(12 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ