Қазақстанның балалары. Мен Қазақстанның бір баласымын. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Менің замандастарымда өздерін бақытты санайды деп ойлаймын. Мен өзге ұлт ұрпағымын. Бір кездегі зобалаң заманда Қазақ жерінен пана тапқан ұлттардың біріміз. Мен қазақша таза сөйлеймін. Қазақтың салт-дәстүрлерін жақсы білемін. Себебі, мен ауылда қалың қазақ балаларының арасында өстім. Мектепті биыл бітіремін. Жоғарғы оқу орнында оқуға талаптанудамын. Я, один из Казахстанцев. Я эти горжусь. Думаю, мои сверстники тоже, так считают. Я из другой национальности. Но, разговариваю на казахском. Я вырос в ауле, среди казахских детей. В этом году заканчиваю школу. Собираюсь поступать в ВУЗ.
Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық. Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар. Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу. Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт. Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.