М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
agapova2007
agapova2007
09.05.2022 00:44 •  Қазақ тiлi

-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. (прочитай текст и выполни задания)

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын Оқылым
түстес.
Тудың түсі – көк. Аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген.
Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмтылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі.

• Мәтінге тақырып қой. (озаглавь текст)


• Мәтін бойынша «дұрыс\бұрыс » ақпаратты белгіле. (определи правильную\неправильную информацию по тексту)
№ Ақпарат Дұрыс Бұрыс
1 Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1993 жылы қабылданды.
2 Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
3 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн бейнеленбеген
4 Күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді
5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы –тік бұрышты көгілдір түсті мата

👇
Ответ:
Маришка1231
Маришка1231
09.05.2022

Тақырып: Ту

1 бұрыс

2Дұрыс

3бұрыс

4дұрыс

5дұрыс

Объяснение:

Келесі жолы есіңде болсын сәттілік!

4,5(11 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sveta6729
sveta6729
09.05.2022
Қыз жібек  "қыз жібек" әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі.  жырды ең алғаш зайсан уезінің (осы күнгі шығыс қазақстан облысы) бір белгісіз ақыны жазып алып, 1870 жылдар шамасында қазанда бастырған. бірақ бұл нұсқа біздің қолымызда жоқ. кейінде басылған нұсқасында мынадай сөздер ұшырайды:   басында менен жайылды,қисса болып бұл жібек,баспасына қарасам,бәрі шала сөзінің,еңіреп, жылап, жүр жүдеп,қисынсыз болған сөздері,жыламақ түгіл, күлмеймін, -  дейді.  жырдың осы нұсқасы 1876, 1905, 1909, 1911 жылдары қазанда хұсаиновтар баспасында бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы осы нұсқаны қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы әбубәкір диваев ташкентте бастырды. одан кейін 1933 жылы қызылордада, 1939 жылы алматыда "батырлар жыры" жинағына қоса басылды.  жібек әңгімесі шын оқиғадан туған, бірақ дәл қай кезде туып жасалғанын кесіп айту қиын. мөлшермен айтқанда, "қыз жібек" әңгімесі xvii ғасырда туғанға ұқсайды. жырда жағалбайлы елінің қонысы қара теңіз жағасы деп келеді. мұнысы каспий (атырау) теңізі болуы керек. сол кездегі шектілердің қонысы ақжайық болған. бұл екеуінің арасы қоныс жағынан шалғай емес. қазақ даласы патшалық россияға қарағанғa шейін жағалбайлы елі ақжайық бойын мекен еткен. осы кезде де жаманқала (орскі), магнитогорск маңында жағалбайлы жұрты аз емес.  жібек әңгімесінің заманын білуге жолбасшы болатын тарихи деректің бірі - қалмақтардың ақжайық бойын жайлаған шекті елін жаулап алуы. жырдың екінші саласы осы жаугершілік заманға келіп килігеді. жайық бойындағы аз ру шектілерге торғауыттардың ол кезде, белгілі бір кезеңде үстем болуы рас.  жыр геройының бірі - төлеген. төлегеннің өмірін сипаттағанда ақын оның туған күнінен бастап, өлген күніне дейінгі ісін суреттейді. мұнысы жырдың эпос жанрына толық ұқсайтындығын көрсетеді. соның ішіндегі ең басты сарын төлегеннің еркін махаббат, азаттық іздеген талабы болып отырады.  жайыққа алғашқы аттанған сапарында артынан жылап келіп, "барма, қал" деп тілек еткен анасы қамқаға төлеген:   бір сұлу алмай, шешеке-ау,сірә да көңілім тынар ма.талап қылған ісіненат басын ерлер бұрар ма, -  деп, торықтыра жауап береді. қыз жібекке екінші рет жүретін жолында ол артынан жылап келген інісі сансызбайға:   батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа, -  деп, батырлық пен байлықты мұрат етпей, көбіне сол асыл жар сүюді арман етеді.  төлегеннің осы сипатын әсірелеп көрсету үшін ақын түрліше композициялық әдіс қолданады. қыз жібектің көшін қуғанда төлегеннің ғашық жарын көруге асыққан көңілін жыршы оның атының шабуынан байқатады:   жер тарпынып жануар,ауыздықты басады.алдындағы белестенорғытып кеп асады.  бірақ ор қояндай секіріп, ұшқан құспен жарысып келе жатқан көк жорға аттың жойқын шабысы да төлегенге текірек сияқтанып көрінеді.  төлегеннің көш қуған жері - ғашық жүрегінде жанған үміттің аса бір жарқын, бақытты, зейнетті кезеңі.  төлегеннің сүйіспеншілік талабына бөгет болған төрт түрлі қара күш кедергі бар. бірінші бөгет шөлстан - алыс жол; екінші бөгет - ата-ананың теріс батасы, тағдырдың теріс қарауы; үшінші бөгет - көмексіздік, жалғыздық; төртінші бөгет - бекежанның жауыздығы.жырда қаратеңіз жағасын жайлаған жағалбайлы елі мен жайық бойын жайлаған шекті елінің арасы жүз күншілік шөл жазира, құс қонбас құла дүз болып сипатталады. сол шөлстанның ең бір жексұрын ұры қарақшы мекен еткен жері - қособа. төлегеннің ең рақымсыз, тілсіз жауының бірі - осы қособа. мұндай табиғат бөгеті қозы мен баянның да түбіне жетеді. мұның үлкен жұмбағы бар.  бұрынғы ғашықтардың қай-қайсысын алсақ та, олардың мақсатына жетуі жолында тұрған бөгеттің бір саласы жауыздығына байланысты болса, екінші бір саласы табиғат бөгетіне байланысты айтылады. табиғат бөгетіне жататын нәрселер - аждаһа, жын, сиқыр, өзен, теңіз, алыс жол.  "
4,4(89 оценок)
Ответ:
Vladlena151215
Vladlena151215
09.05.2022
Современный человек без интернета-не современный человек.представьте себе на минутку мир без интернета.никто бы не смог говорить по скайпу,общаться через сообщения,играть в компьютерные игры на любой вкус.большинство информации мы узнаем из интернета.он нам добывать нужные информации,произведения и.т.д.  я например не смог бы жить без интернета.некоторые дети слишком много времени проводят в интернете - это можно считать пустой тратой времени.в последствии я принял для себя такие выводы : интернет-это хорошо,но в меру и по делу.
4,5(86 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ