Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
халық аңыздарында және ел аузында түйе−сөрдән жаратылған деп арғы тегін мифтік түсінікпен тамырластырады. деседе, түйе дәл сордан жаратылмағанымен, түйенің сортаң, ащы шөпке әуестігі, шөлге шыдамдылығы (айтылуынша, түйе қырық күн шөлге шыдайды−мыс) сынды жаратылстық қасиетының де халық зердесінен қағыс қалмағанын көруге болады.
түйенің иесі, пірі−өйсіл қара.
ойсыл қара келенің бурасы екен.
буралығын білдірген шудасы екен.
пір болды түйешіден ойсыл қара
шаруаның бір пірі−өйсіл қара,
түйені өсіз жарылқап болып пана.
ит-құс, пәле-індеттен аман сақтап,
топ-топ қылып боталат ару ана,-деп жырланады.
тілдегі түйе атаулары
түйе малының тілдегі жалпы атауы−шалқұйрық.
айыр түйе−екі өркешті түйелердің жалпы атауы.
нар тұйе−жалғыз өркешті түйелердің жалпы атауы.
бота, көшек−түйе төлінің жалпы атауы, інгеннің жасқа толмаған төлі.
нар бота− ару ананың жасқа толмаған төлі.
тайлақ−екы жасқа деиінгі төл.
шотайлақ− қысыр қалған інгендердің емізіп жүрген былтырғы ботасы не енесі боталауға бір ай қалғанша емген тайлақ.
бұлдыршын −үш жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.
құнанша−үш жасар ұрғашы түйе.
дөненше−төрт жасар ұрғашы түйе.
тығыршын− төрт жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.
соқтан−торт жасқа шығар еркек пішпе түйе.
буыршын−аруана мен үліктен туған төрт жасар жас бура, інген бұзар.
атан−ақталған, кексе, ірі айыр түйе. мысалы: «қабанбай батыр» дастанында қабанбайдың басы астаудай, көзі тас бастаудай, төрт аяғының астынан ел көшкендеи ақ бас атаны болғаны суреттеледі.
атанша−айыр түйенің бес жасқа деингі аты.
інгенше− бес жасқа жетпеген , боталамаған ұрғашы айыр түйе.
мая−жалғыз өркешті түйенің аналығы.
аруана−жалғыз өркешті таза тұқымды аналық.
тұмса−алғаш боталаған інген мен мая.
нар− жалғыз өркешті түйе (еркек, ұрғашысы қамтылады)
нарша−жас нар.
ұлек−жалғыз өркешті түйенің аталығы.
бура−айыр түйенің аталығы.
әләшә−інген мен жабайы түйенің аталығы.
жәмпөз−інген мен бураның таза, асыл тұқымы.
ләкір−тәзә қанды бура мен аруанадан туған ұрпақ.
әленәр− таза қанды үлек пен аруананың ұрпағы.
қоспақ−ынген мен үлектен туған будан.
жарбай−мая мен үлектен туған екінші ұрпақтың буданы.
жөң−мәя мен үлектен туған буданның екінші ұрпағы.
жөңбәй−жөңнің ақта етілмеген бурасы.
тілдегі түйенің түстері
ақ (атан) немесе ақбас (атан) , боз (інген) , сары (тайлақ) , қызыл (нар) , қараша (қоспақ) , қара (бура) , қоңыр (мая) .
тілдегі түйе туралы айтылым білімдері
түйе боздайды, зауығы келгенде жынын шәшіп, шақырайып күркіреиді. адамға жүгіріп шайнап, таптап өлтіруден тайынбайды.
түйені «көс-көс!» деп шақырады.
«шөк-шөк» деп тізелетеді, шөгереді.
«сорап-сорап» деп суарады.
түйенің шағылысқанын «қаю» деп, шағылысып болса, «қайыды» деп атайды.