М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
45df45
45df45
27.08.2021 11:07 •  Қазақ тiлi

1.Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін 4 сөйлемді белгіле (0).
Айтуар – ағаш шебері. Оның түрлі құралдары бар. Ол ағаштан кебеже жасады.
Кебеже әдемі болып шықты. Кебеженің ішіне кепкен ет, құрт, май, ірімшік салып қояды.
Кебежеге салған тамақ бұзылмайды.
Айтуар ағаштан кебеже жасады.
Ануардың құрал-саймандары жоқ.
Кебежеге салынған тамақ бұзылмайды.
Кебеже әдемі болып шықты.
Кебеженін ішіне тамақ салады.
1. Мәтізі осы. Тапсырмаларды орында.
Ба і сьсенбі, аелалыс күн Сауд риодан ән тындап отыр. Роза Рымбаева концерт беріп
и кмр Каир Роза энн салып тур. Розаны қалык, ұнатады. Ол атақты әнші. Самал Розының әнін
нема никаны осани аксы коред
• Торрекет болында мәтінини ​

👇
Ответ:
liker271
liker271
27.08.2021

может надо перечитать потом ответить

4,4(4 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
mazaeva333
mazaeva333
27.08.2021

Асан қайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен: Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер»,—екен депті.

Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен»,— деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан ≪Үш қара≫ атанған екен таудың аты.

Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен»,— депті.

Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен»,— депті.

Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен»,—депті.

Шідерті деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бос жылқы шілдерлеп қойғандай тоқтайтын, жылқының қонысы екен»,— депті.

Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. «Неге үндемейсіз?» — дегенде, аз тұрып: «Өлеңтінің суы — май, Шідертінің шөбі — май»,—деп жүре беріпті.

Сілентіден өтіп Жалаңаштың тұзына барғанда: «Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің»,— депті.

Есіл өзенін көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен»,— депті.

Нұраның бойын көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен»,— депті.

Торғай өзенін көргенде: «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен»,— депті.

Терісаққан деген өзенді көргенде: «Сарыарқаның тұздығы екен»,— депті.

Жеті қоңырды көргенде: «Сарыарқаның маусымы екен»,— депті.

Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қара тауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен»,— депті.

Сулы Келес, Ңұрлы Келес өзендерін көргенде: «Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін. Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен»,— депті.

Асан қайғы бүкіл алты алаштың (қазақтың) жер-суын, қонысын көрем, бұларға жағдай туғызамын деп көп заман өмірін далада өткізіпті. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріпті.

Асан қайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау!» — депті.

Яссы қаласын (қазіргі Түркстан) олардың қожамолдаларын көргенде: «Ай, қарыс жері бір арық, жер сорлысы мұнда екен, әйелі семіз, ері арық, жұрт сорлысы мұнда екен»,— депті.

Шыңғырлауды көргенде: «Ай Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ, Шыңғырлау сен өсірдің!» — деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: «Шыңғырлау

өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап-қунап кетейік»,— деген екен.

«Ай Жанарыстан, жырымдай суға бола шетте қалдың-ау есіл, ерім-ай»,— деп бір төбеге келіп жылап тұрған екен.

Асан қайғы Бекарыс тұқымынан, Орта жүз; қайтыс болған жері Ұлытаудың басы болса керек.

 

Объяснение: ну выберешь что нужно перепишешь все правильно гарантия

4,4(74 оценок)
Ответ:
gramasha
gramasha
27.08.2021
Бауырсақ – қ шағымыздан бері сүйіп жейтін тоқашымыз. ол әрқашан кез-келген үйде, кез-келген жағдайда біздің дастарханымыздан табылады  қажет азық-түлігіміз: ұн – 6-7 стақан су (жылы) – 500 мл қант – 2 асқасық сұйық май – 0,5 стақан ашытқы – 2 шай қасық тұз – 1 шай қасық 1. алдымен суға + ашытқы + тұз + қант салып, араластырамыз. 2. ұнға майымызды құйып, қасықпен араластырамыз ұнның үстіне дайын суымызды жайлап құйып, қамыр илейміз, судың 400 мл-і қамыр илеуге, 100 мл-і,қамыр қолға жабысқанда қолды сулап тұру үшін қажет. 3. егер су қалып қойса, қамырды сулап қоямыз, сол кезде қамырымыз жұмсақ болады. 4. бетін пленкамен жауып, жылы жерге қоямыз 30 минутта ашуы керек. 5. қамрымызды бір қайтарып, үш немесе одан да көп күлшеге бөлеміз ұн сеуіп, жаямыз стақанмен жайған қамырымыздың үстін басып, осылай бөліп аламыз, төрт бұрышты қылып кесуге де болады. маған осылай ұнайды. 6. бетін 15 минутқа жауып қоямыз, тағы да көтерілу керек. 7. қызған майға пісіріп аламыз.
4,5(45 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ