1)Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды.
2)Шартты рай
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, оқыт-са, айтпа-са.
3)жазсаң, оқысаң, келсең, салсаң, сөйлесең
ответ:Наурыз — шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Наурыз шығыс елдері үшін — бірліктің, татулыктың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбеген адам болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы қасиеттен өнеге алған. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұтымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізеттілік пен білімділікке баулиды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек.
Наурыз — шат-шадыманды ойын-сауық, той басы.”Ол күнде Наурыз деген бір жазғұтырым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той-тамаша қылады екен” (Абай). Кей жерлерде “наурыз тойы” деп те атады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді.
Объяснение: