М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Вазген228
Вазген228
08.01.2020 07:31 •  Қазақ тiлi

. Тарихшылардың қаңлылар туралы қалдырған деректерін жазыңыз.​

👇
Ответ:
асаса3
асаса3
08.01.2020

Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректемелерде Қаңлы елінің аты б. з. б. XIV ғасырдан бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б. з. б. IV ғасырдың аяғындағы оқиғаларды жақсы білетін антик авторлары қаңлыларды тоқталмайды. Сырдария бойындағы аймақта «Қан үйі» б. з. б. ΙΙΙ, дұрысында,ΙΙ ғасырда көтерілген деп жорамалдауға болады. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған еді. Егер б. з. б. II ғасырдың екінші жартысында Чжан-Цянь Қаңлы жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан Цянь юечжи әскерін 100-200 мың, ал қаңлы әскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цань-Хань-Шу енді қаңлы әскерін 120 мың, юечжи әскерін 100 мың дейді14. Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі қаңлымен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ал қаңлылардың алдынан оңтүстік пен батысқа экспансия үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде (б. з. б. II ғасырдың аяғы — I ғасырдың басы), қаңлылардың жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек, ол өзіне Янцайды (Арал-Каспий өңіріндегі сарматалан тайпалар одағы), Яньды (Орал өңіріндегі сармат тайпалары) бағындырып алды. Қытай жөнінде қаңлы билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл жөнінде б. з. б. I ғасырдың аяғында Батыс өлкесіндегі хань намеснигі императорға былай деп хабарлаған: «.. .Қаңлыға, керісінше (Үйсінмен салыстырғанда) өркөкірек, батыл және біздің елшілеріміз алдында бас июге ешбір көнбейді. Онда наместниктен жіберілген шенеуніктерді үйсіндердің елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты әуелі солардың князьдары мен ақсақалдарына, сонан соң барып наместниктің елшілеріне тартады...»15. Ертеректе, Ферғана-Қытай соғысының барысында, қаңлылардың араласуы ғана ферғаналықтарды астанасының қиратылуынан құтқарып қалды және ферғаналықтарға тиімді бітім жасалуына жәрдемдесті16. Кейіннен, б. з. б. 47—46 жылдарда қаңлылардың билеушісі үйсінге қарсы күресінде солтүстік-ғұн шаньюйі Чжи Чжиді қолдады, ал үйсіндердің одақтасы ханьдық құдіретті Қытай болды17. Осының алдында ғұндардың державасы солтүстік және оңтүстік ғұндарға бөлінген еді. Оңтүстік ғұндардың жетекшісі шаньюй Хуханье, тегінде, ру ақсүйектері мен қатардағы қауым мүшелері көпшілік бөлігінің мүдделерін білдірген болар, Қытайға беріліп, онымен татулық және достық туралы шарт жасасты. Солтүстік ғұндардың билеушісі шаньюй Чжи Чжи оңтүстік ғұндарды бағындыруға сәтсіз әрекет жасап, император сарайымен қатынасын үзгеннен кейін байырғы ғұн иеліктерінен ығыстырылды. Ол Угэні, Гяньгуньді, Динлинді бағындырды, бірақ күш алған, оның үстіне Қытай қолдаған үйсіндерге қарсы тұра алмады. Өз кезегінде үйсіндер б. з. б. I ғасырдың орта шенінде қаңлылардың шығыстағы шекарасына қысым жасады. Сол кезде қаңлылар үйсіндерге де, Қытайға да бірдей қарсы тұра алатын күшпен одақ жасаспақшы болып ұйғарды. Мұндай күш солтүстік ғұндардың шаньюйі Чжи Чжи болатын. Чжи Чжиге кангюй билеушісі өз қызын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өз әскерінің бір бөлігін оның басқаруына береді. Үйсіннің жеріне Чжи Чжи бірқатар ойдағыдай шапқыншылық жасағанымен, бұл әскер үйсіндерді біржола жеңе алмайды. Қаңлылар шарттарын (державаның шығыстағы шекарасын қауіпсіздендіруді) Чжи Чжи объективті түрде орындай алмады да, соның негізінде жанжал тұтанды. Оны Чжи Чжидің қаңлылардың әдет-ғұрпын көрінеу ұстанғысы келмеуі ұшықтыра түсті. Ол Қаңлы билеушісінің қызын, сондай-ақ «атақты адамдарын және жүздеген қарапайым адамдарды өлтірді немесе оларды Дулай (Талас) өзеніне тастады»18. Чжи Чжи қаңлы билеушісінің ордасынан қуылып, Талас өзенінің бас жағына кетті де, сонда өзіне қала сала бастады. Жазбаша деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, қала салуда күн сайын 500-ге дейін адам жұмыс істеген. Шаньюй құрылысқа қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен алым ретінде алып отырды, ол құрылысшы-шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала мықтап бекітілді, ол екі қорғанмен қоршалды, оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар топырақ болатын. Ішіне құрылыстар мен қамал орналасқан, шаньюй мен оның жақын төңірегіндегілер сонда тұрған.

Объяснение:

4,6(12 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kiki0004
kiki0004
08.01.2020

сізде картоп пен пияз бар ма?

-ия,неше килограмм керек?

-маған 2 кг картоппен ,1 кг пияз беріңіз

-тағы не аласыз?

-орам жапырақтың үлкендеуін,қызылшадан жарты кило, жасыл пияз,петрушка және укроп мен бүгін борщ пісіремін.осыған неше тенге төлейін?

-бәріне мың теңге бересіз.

-міне,алыңыз,рахмет!

-у вас есть картошка и лук

-да есть,сколько кг нужно?

-2кг картошки 1 кг лука

-что еще?

-мне капусты,свеклы пол кг,и зелень зеленый лук,петрушка и укроп я сегодня буду варить борщ.

-сколько я вам за все должна?

-за все 1000 тенге

-вот возьмите,!

4,6(56 оценок)
Ответ:
Диас0010
Диас0010
08.01.2020

интонация-сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:

мелодия

ритм

темп

қарқындылық

тембр

фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.

интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.

4,4(54 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ