Егер адам өзінің ұқыптылығы мен сыпайылығын дамытса, ол кез-келген ортада өз орнын таба алады. Жақсы мінез, тазалық, ұқыптылық, ұқыптылық, сыпайылық - осының бәрі мәдениеттің негізі. Өз бойыңдағы ең жақсы қасиеттерді жинап, басқаларға нұрдай сәуле шашу қандай керемет! Сізге және айналаңыздағыларға бұдан ерекше назар аударылатыны анық. Мүмкін сіз дөрекілік, мысқыл, күлкі, ұсқынсыздық және т.б арқылы адамдарды мазақ етесіз ... Адам мәдениетінің деңгейі кез-келген ортада көрінеді. Мәдениеттің шыңында болу үшін өзіңді рухани тәрбиелеу керек. Яғни, бұл өзін-өзі тану болып табылады. Адамдар сыртынан әдемі, ал ішкі жағынан ерекше және қыңыр мінезге ие. Мүмкіндігінше оларды теңестіру керек. Ұқыпты киім мен өзін ұстау - мәдениеттің алғашқы сатыларының бірі. Сіздің мінезіңіз сіздің жақсы адам екеніңізді көрсетеді. Тепе-теңдікті сақтау - бұл мәдениет. Мәдениетті болу үшін көп уақыт қажет емес. Оған көңілді жүріс-тұрыс пен зейін керек. Адам өзін неғұрлым терең білсе, мінезі мен мәдениетінің деңгейі соғұрлым жоғары болады. ішінен күрделі және дара сөздерді тауып жазу.
көмектесіңіздерші менде ТЖБ еді
Менің әкем туралы.
Әке деген - біздің асқар тауымыз, қорғанымыз, панамыз және асыраушымыз. Бұл дүниеде, менің ойымша, адамның екі ең жақын адамы бар: бірі - Ана болса, екіншісі - Әкеміз. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаса керек. Себебі әке бала үшін, әсіресе ер бала үшін ең жақын дос, сырлас, әрі үлгі тұтар азамат.
Әрбір шаңырақта, әсіресе қазақ отбасында, әкенің алар орны ерекше. Себебі, әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Менің әкемнің есімі – Қанатбек. Ол – полиция қызметкері. Менің әкем жұмыста қатал болып көрінгенімен, балаларына мейірімді әке. Біз әкемізді мақтан тұтып, ол кісіден жақсы үлгі аламыз. Әкеміз күн –түн демей, қоғам қауіпсіздігі мен елдің тыныштығы үшін қызмет етуде.
Мен өз әкеммен уақыт өткізіп, ол кісіден бар нәрсені үйренгенді ұнатамын. Менің ойымша, ұл баланың тәрбиесі көбінесе әкеге байланысты. Әкем екеуміздің қарым - қатынасымыз өте жақсы, мен әкемнен кез - келген мәселе бойынша ақыл сұрап,сырласа аламын. «Тек әкелер сендер ғана лайықсың, хан сарайы, «патша» атағына» деп өлең жолдарында айтылғандай асқар тау әкелерімізді қадірлеп, ол кісілерді үлгі тұтайық!