М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nastyacrew
nastyacrew
27.05.2021 16:46 •  Қазақ тiлi

Төмендегі тақырыптардың біреуін таңдап, мәтін (эссе) жаз. 50-60 сөз. "Спорттық жанұя", "Жас техник", "Жас зерттеуші", "Тәуелсіздік" * ​

👇
Ответ:
lisena4555
lisena4555
27.05.2021

спорттық жанұя

Объяснение:

спорт әр адам үшін пайдалы. ол оның иммунитетін, денесін және көңіл күйін көтереді. біздіңде отбасымыз спортты ұнатады. мысалы, әр сенбі күні біз таңғы сағат тоғыздан бастап далаға шығып, шынығамыз, әртүрлі спорттық ойындар ойнаймыз. бұл дәстүр жанұямызда жылдар бойы келе жатыр. одан гөрі, әр жанұя мүшесі бөлек спорт секцияларына барады. анам атлетикаға, ал әкем боксқа қатысады. мен спортты жақсы көремін және онсыз өзімді бақытты сезіне алмаймын

4,7(94 оценок)
Ответ:
атэмон
атэмон
27.05.2021

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік біздің Отанымыз-Қазақстанның мақтанышы, қазынасы. Тәуелсіздікті біз көп тер төгіп алдық. Көптеген қазақ зиялылары біздің еліміздің азаттығы мен бақыттылығы үшін еңбек етіп, көп күш жұмсады. Біздің тәуелсіздігіміздің арқасында біз еш қиындықсыз бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Және де азаттығымыздың арқасында басқа елдерден артта қалмастан, дамып өрбіп жатырмыз. Тәуелсіздігіміз-біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра, аманат. Және де осы мұраны біз қастерлеп, қадірлеп сақтауымыз керек!

4,7(4 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
pforsov30
pforsov30
27.05.2021
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінінде байқамай қалады. өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе? Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын , ата-анамның көзінде кішкентай қыз болсам да , өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын? деген сұрақтарға көп ойланамын. Жай ғана ойланудың аз екендігінде білемін. Сондықтанда қазірден бастап алдыма мақсат қойып , оған табанды түрде кірісіп , арманымның жетегіне еріп келемін.      Елбасымыз айтқандай «Болашақ-білімді жастардың колында» демекші біздің болашағымыз өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты , нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі , әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мысалға ұстаздықты алатын болсақ , Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір , жаны да бір жолбасшысы-мұғалім» демекші ұстаздық ең жоғарыда тұратын , өте құрметті де қадірлі мамандық. Ұстаз алдындағы шәкіртті қандай жолға түсірсе , шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып жүреді деп ойлаймын. Жалпы жалғыз ұстаздық қана емес , мейлі шахтер болсын , аспаз , құрылысшы болсын , өз алдында жеке бір мамандық деп білемін.    Ал өзім жайлы айтатын болсам , болашақта қандай салада жұмыс істейсің? деген сұраққа мен ойланбастан биология саласы дер едім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда биология , химия , физика және математика салаларына жете көңіл бөлінсін» демекші мен жеке биология саласын одан әрі дамытқым келеді. Атақты ғалымдар сияқты жаңалықтар ашу менің басты мақсатым. Әрине бұның барлығы да қазір арман болса да , жоғарыға көтерілу жолында қиындықтар туындайтынын білсем де , мен бұл мақсатыма жететініме сенімдімін. Және де бұл ойымды жүзеге асыру мақсатында қазіргі күннен бастап мен алға қарай қадам басудамын.
4,6(50 оценок)
Ответ:
sotlen61Ang
sotlen61Ang
27.05.2021
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. 
4,4(21 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ