Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.
Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.
1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.
Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.
Объяснение:
Француз тілі ағылшын тілімен қатар Канаданың екінші ресми тілдерінің бірі болып табылады. Француздық канадалықтардың жалпы саны 26 пайызды құрайды.1642 жылдан кейін француздардың Канадаға қоныстануы басталды. Жаңа Францияны Англия басып алған кезде Канадада 60 мыңға жуық франкофон тұрды.Канадалық франкофонның 90% -дан астамы Квебек пен Нью-Брансуик провинцияларында тұрады.
Кариб аралдары Кариб теңізі мен Мексика шығанағындағы Солтүстік және Оңтүстік Америка арасында орналасқан. Барлығы шамамен 50 арал бар, мысалы Куба, Гаити, Ямайка, Пуэрто-Рико. Олардың ауданы 228,662 км2. Халық саны 42 000 000 адамды құрайды. Ең үлкен арал - Куба.Аралдардағы ресми тілдер: испан, ағылшын, француз және тағы басқа. Климаты тропикалық, ыстық