М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
polinavrn102
polinavrn102
12.01.2022 05:50 •  Қазақ тiлi

может кто нибудь написать короткое содержание книги Балалық шаққа саяхат в 50-80 слов на казахском языке нужно​

👇
Ответ:
dgolsky07
dgolsky07
12.01.2022

Адамның санасында мәңгілік өшпестей естелік қалдыратын, ең керемет, ең ғажап ұмытылмастай сәттер сыйлайтын ол – балалық шағымыз. Балалық шақ – бір рет ғана келетін, қайта оралмайтын, сағына еске алатын ғажайып әлем іспеттес.

Қазіргі таңда 17 жастан астым. Осы 17 жыл ішінде қуанышта, қайғыда, мақтаулар мен даттаулар, өсек пен мадақтаулар, жеңіс пен жеңіліс те көрдік. Өсе келе қиындықтар мен кедергілерде көбейе беретіні анық. Кейде шаршап - шалдығып, барлық нәрседен жалығып, оңаша қалып ойланып отырып, балалық шағымды еске аламын. Бір қызығы қазіргі кезде орын алып жатырған жайттардың барлығын балалық шағыммен салыстыра қарасам мүлдем бөлек. Қазіргі кезде дос - досына шынайы сөйлеп, шынайы сезім білдіріп, шынайы бет - бейнесін көрсетпейді. Қызғаншақтық, көреалмаушылық деген ұғым өте көп қалыптасқан. Досына қол ұшын созып көмек бермейді. Тек уақытша ғана достасады. Айта берсең кемшілік көп. Ал балалық шағымызда ше? Ол кезде жасандылық деген сезім болмайтын - мыс. Тек шынайы сезім, шынайы күлкі, шынайы махаббат, шынайы достық барлық нәрсе де періште жүрекпен, шынайы көңілден жасалынатын. Сол сәтке бір сәт тоқталып, уақытты қиялымызбен артқа айналдырып балалық шағымызға бір сәт оралсақ.

Эх, қайта оралмас балалық шағым - ай… Ұйқың қанбасада, қанша жерден ұйқың келіп тұрсада, соны ойынға айырбастап таң атпай тұрып, анаң берген бір кесе ыстық сүтті сіміре салып, далаға шығып достарыңды іздеп үйіне бару. Ойында ештеңе жоқ, ешнәрсемен шаруасы жоқ, ешнәрсеге бас ауыртпайтын, уайым - қайғысыз балалық шақ. Таңертең ерте тұрып ойын қуып үйден кетіп, кеш бата ойыннан шаршап келіп ес білмей ұйықтау. Келесі күн тағы да солай асыр салып еш қамсыз ойнау. Бірге доп теуіп, балшық құмнан үй салып, бірге қырылып, төбелесіп, қайтадан татуласатын достарым. Балық аулай алмасақ та қолымызға қармақ алып отыратын кездерім. Кеш бата жолдастарыммен үй қасында отырып өтірік әңгіме айтып, не айтып отырғанымызды білмесекте, шынайы күле білу. Жаз шықпай - ақ жиналып алып канал жағалап, жүзе алмайтын болсақ та, қанша мәрте суға батып кетіп жатсақ та, суға шомылып асыр салу. Айта берсең қызық көп.

Кейде бір сәт мейлі бір минутқа болсын сол қайта келмеске кеткен балалық шағыма оралғым келеді. Бірақ, әттең ол нәрсе мүмкін емес. Кішкентайымызда тездетіп ересек жасқа толып, үлкен азамат болып, мына балалық шақтан құтылсақ, тез ержетсек деп армандайтынбыз. Бірақ қазір сол балалақ шағымыз бір мезет болсын оралса, сол сәтте жіберген қателігімді жөндесем екен, тағы бір мәрте асыр салып ойнап, балалық шағыма бір саяхат жасасам екен, деген тек бос орындалмас арман қиял ғана. Және оған тек ойша ғана сапар шегіп қайтамыз.

4,5(23 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
milanaberezova
milanaberezova
12.01.2022
1. жаттығу
2. спорт
3. дәрумендер
4. ұйқы
5. аурухана
6. дәрумен
7. дене қызуының олшем
8. ауру, сырқат.
9. өзін өзі сезіну
10. деннің саулығы
11. дене шынықтыру
12. тесу
13. дәріхана
14. дәрігер
15. дәрігер
16. медбике
17. жеке бас тазалығы
18. күн тәртібі
19. аспирин
20. дене қызуын өлшегіш
21. дәрі
22.
23. көк дәрі
24. сабын
25. тіс дәрігері
26. емхана
27. шегу
28. анаша
29. иммунитет
30. алдын алу
31. талдамалар
32. екпе
33. шприц
34. жандандыру
35. ота
36. қан қысымы
37. дәрі
38. ем-дәм
39. ауру-сырқат
40. ауа
41. өлім
42. күн
43. медицина қызметкері
4,6(18 оценок)
Ответ:
aikosha9
aikosha9
12.01.2022
Сенің туған күнің қашан?
-Менің туған күнін кеше болды,11 / он бірінші / қарашада.
-Туған күніңе кімдер келді?
-Менің туған күніме менің достарым келді
-Туған күніңе қалай дайындалдың?
-Менің анам туған күніме әр түрлі тағамдар әзірледі.Мен анама көмектестім.Ана  маған арнап үлкен торт пісірді.Мен әр түрлі ойындар туған күнге дайындадым.
-- Достарың  туған күніңе   сыйлық сыйлады ма ?
-Иә менің достарым маған көп сыйлықтар сыйлады.
--Сыйлықтары саған үнады  ма ?- 
--Маған  сыйлаған сыйлықтар өте ұнады.
--Сен достарыңа риза болдың ба?
-Мен достарыма риза болдым.Олар менің нағыз достарым.
---
4,6(91 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ