Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.
Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.
Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.
Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гипатит ауруына да ш
4. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз. [3]
ПОМАГИТҢ
Дастархан басында қымыз ішіп отырған (жас, кәрі, шал т. б.) Алдар Көсені мақтап отырады. Ол сөздер қисайып жатқан қызғаншақ байдың ұйқысын бұзып, Алдар көсені мақтаған сайын дөңбекшіп жатады.- Елде Алдар Көседей ақылды адам жоқ қой.- Алдар Көсені ешкім жеңе алмайды десейші.- Иә, Алдар Көседей тапқыр кемде кем ғой.Мақтаншақ бай: (күйініп, атып тұрып, әрі - бері теңселіп) Алдар Көсе, Алдар Көсе деп қоймайсыңдар. Кездеспей жүр ғой ол маған! Аяғын аспаннан келтірер ем! (күпініп)Бесті қымызға мас болған жігіт: Ой, бай - еке, мақтанбаңыз! Алдарды жеңемін деп айтпаңыз, қалай түсіп қалғанын сезбейді жұрт - ол бұғып жатқан қақпан.Кемпір: (іле - шала) Өздігінен тиіспейді. Тиіскенді аямайды десеңші...Мақтаншақ бай: (ызаланып) Жо - о - оқ! Қайткенде де жеңбей тынбаймын! Ақыл айқасында, қулық шайқасында мен оны тірілей өлтіремін! Ал егер алдай алмасам, айыбыма ту бие сойып, бәріңді шақырамын. Маған оны жеңу емес, кездесу, кездестіру қиын боп жүр. Әйтпесе...(Бай желмаясымен желіп бара жатып, бейтаныс біреуге көзі түседі. Бейтаныс бірдеңе іздеп жүрді. әрі - бері жүріп, бейтанысты шыр айнала береді)
Бай: Әй, миғұла, неғып мәңгіріп жүрсің? Не жоғалтқаның бар?Бейтаныс: (Алдар Көсе) Жоғалтқан ештеңем жоқ. Бірақ іздеп жүргенім рас...Мақтаншақ бай: (жұлып алғандай) Не іздеп жүрсің сонда?Бейтаныс: (Алдар Көсе) (асықпай) Жердің бір шетін яки басталар жерін осы тұста екенін, жақсы білем. Бірақ анықтай алар емеспін. Шөп басып кетіпті. Жоғарыдан қарасам, тез табар едім. Бірақ бұл арада шығып қарайтын тау да, төбе де жоқ. Бай: (сабасына түсіп) Түйеге мінсең көрінер ме еді?Бейтаныс: (Алдар Көсе) Көрінгенде қандай!Бай: Бірақ менде кейін жердің бір ұшығын екеуміз бірге тапқанбыз деп айтып жүретін болсаң. Сонда абырой - атақ, қадір - құрмет екеумізге ортақ болады. Келістік пе?Бейтаныс: (Алдар Көсе): (миығынан күліп) Әрине! Әрине!Мақтаншақ бай: (Бай түйеден түсіп, жоқ іздеуші мінеді) Қалай көріне ме жердің пұшағы?Бейтаныс: (Алдар Көсе): (түйенің бұйдасын қолына бері ұстап) Жоқ, Жердің пұшағын көріп тұрғам жоқ. Бірақ біреулердің ақымағына көзім жетті. Бұдан былай қарай елге Алдар Көсе екеуіңіздің жердің әлгі пұшпағын қалай бірігіп іздегеніңізді айтып мақтануыңызға болады. Мақтаншақ бай: (ызаланып)Не деп оттап тұрсың? Қайдағы Алдар Көсе?! Түйемді қайыр, қарақшы! Алдар Көсе: (шауып бара жатып) Қуып жетсең, аласың! Егер қуып жете алмасаң, масқара боп қаласың! (Ақымақ бай аузын ашып қала береді)
Мақтаншақ бай: (үйіне жаяулап - жалпылап, сүйретіліп кіріп келеді) Әйелі: (шошынып) Не боп қалды? Түйең қайда?Мақтаншақ бай: (жыларман болып) Түйе жоқ! Түйеден айырылып қалдым! Алдар Көсе алып кетті! Масқара қылып кетті. Әйелі: (шашын жұлып, жер сабалап, ойбай салады. Халық жиналып қалады)– Түйеңізді қайтып алып қойды?– Күшпен бе, қулықпен бе?Мақтаншақ бай: (одан бетер ашуланып) Қулықпен, айламен, әрине!(жастар қарқылдап, кәрілер миықтарынан күліп, бүкіл ауыл мәз болады) - Масқара болған екенсің!– Өзіңе де сол керек!– Мақтаншақ неме!– Тфу, түкірдім бетіңе!– Айтқаныңды істе.- Иә, иә соны айт!– Тез елді шақыр!(Жұрттың бәрі уласып-шуласып дастарқан басына келгенде, Алдар Көсе кіріп келеді).Алдар Көсе: (күліп) Бай - еке, түйеңізді алыңыз! Бірақ құлақ салыңыз! Өсер бала данаға қарап жүгіреді, өлер бала молаға қарай жүгіреді. Алдар Көсемен айқасып не шаруаңыз бар еді?(Бай ес түссіз, отырып қалады, халық Алдар Көсеге деген сүйіспеншілікпен қарайды)Шымылдық.