Білім алушы екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.
Құрамы 120-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындау керек.
1. Қазақстанда велосипед жүргізушілеріне бұдан былай тротуармен жүруге тыйым салынады. Тек қана велосипед жолақшаларын не көлік жолдарын пайдалануға рұқсат беріледі. Сауал:
Сіздің ойыңызша елімізде велосипед жүргізушілері қозғалысына тротуармен жүруге тыйым салу қажет пе?
2. Ел ішінде «мінез өзгермейді» деген ұғым бар. Мінез сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының қасиеттеріне сәйкес, ата-ананың үлгісімен, отбасының мәденитұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында негізін қалайды. Сауал: Сіздің ойыңызша адамның мінезі өзгере ме? [10]
3. Жазылымға арналған эссе үлгісі Эссе құрылымы
• Кіріспе
• Негізгі бөлім Тезис (пікір) аргумент Тезис (пікір) аргумент Тезис (пікір) аргумент
• Қорытынды
Елімізде велосипед жүргізушілері қозғалысына тротуармен жүруге тыйым салу қажет пе?
Еуропа қалаларында көптеген адамдар велосипедпен жүреді, өйткені олар велосипедтің жанар-жағармайды үнемдейтінін және қоршаған ортаның ластануын азайтатынын біледі.
Соған қарамастан, елімізде қала орталығында велосипедпен жүруге тыйым салу туралы шешім шығарды. Ал мен бұл шешіммен толық келісемін. Осы тұрғыдан өз көзқарасымды түсіндіріп өтсем... (өтейін, кетейін)
Менің ойымша, бұл шешім дұрыс. Біріншіден, біздің жолдарымыз Еуропадағыдай велосипедпен жүруге арналмаған, олар тым тар және велосипедтерге арналған арнайы жол жоқ. Сонымен қатар, велосипедтер бізге жол қауіпсіздігі жағдайында көмектеспейді, тіпті, кейде велосипед айдаушылар жиі жол қозғалысы ережесін бұзады және қайғылы жағдайға душар етеді. Тағы да айта кетер жайт, еліміздің солтүстік өңірінің ауа райы велосипед жүрісіне қолайлы емес. Қыста жолдарда мұз қатады, күзгі және көктемгі жолдар жауынды, сондықтан велосипед қозғалысына қиындық тудырады.
Екіншіден, кей адамдар велосипедпен жүру біздің денсаулығымызға пайдалы деп жатады. Алайда, мен бұл пікірге толықтай келісе алмаймын, себебі көптеген жол апаттарында велосипед айдаушылар жарақат алып жатады. Кей адамдар велосипед айдау экологиямызға пайдалы деп қарсыласуы мүмкін. Бірақ сіз тезірек жүретін әрі жайлы көлік түрі – автомобильге де арнайы тазарту құралын орната аласыз ғой.
Қорыта келе, бұл мәселеге түрлі пайым-көзқарастар бар. Меніңше, жолда арнайы велосипед жүру жолы болмаған жағдайда қала орталығында велосипед айдауға тыйым салынуы керек. Менің пікірімше, велосипед ауыл арасы сияқты қысқа жолдарда жүретін көлік түрі болып табылады.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!Қан жуады олардың ізін әлі.Көргеннен-ақ мылтықтыМенің үшінДүниенің дидары бұзылады. Аяймын мен анасыз,Атасызды.Аяймын мен құлынсыз,Ботасызды.Хайуанатқа жасаған қиянатың –Бауырыңа жасаған опасыздық! Ұяламын аң аулап бел асқанға.Түсінбеймін сол үшін таласқанға.Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,Ұяламын қарауға көк аспанға! Қырдан безбе, бауырым,Нұрдан безбе!Жылататын жәйттар бар жырдан да өзге.Жиһан қамын жамылып жоқтау керекЖердің өзі жоғалмай тұрған кезде! Ми дарымай,Біреуге пұл дарыған,Аямайды пұлын ол ұлдарынан.Былғарыға құмар-ақ сол ұлдардыңҚымбат емес кейбірі былғарыдан! Аңдар бастан кешкенді –Дала кешпек.Тарих мұңын Ертеңге ала көшпек.Еліне де,Ерге де пайдасы жоқЕшкі қыздың үстінде лама бешпент. Тұла бойын тілгілеп сабау-қайғы,Қара жердің жотасы алаулайды.Орта ғасыр өткенменКейбір елдеАдамдарды, бауырым, әлі аулайды! Ысқырғанда құлдықтың қамшылары,Белгілі ғой кімнен қан тамшылары»Аңдып жүріп атадыЗәңгілердіКу-клукс-кланның аңшылары! Өкпе емес пе осыным,Наз емес пе?!Кейбіреулер барына мәз емес пе?!Туыс көп теЖоқ бірақ туысқандық.Адам көп те,Адамдық аз емес пе?!