М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
гога61
гога61
17.03.2020 14:20 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқып, олардың тақырыбы мен құрылымын салыстырыңыз. А мәтіні

Достығымыз әлемге әйгілі

Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.

Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті.

Ә мәтіні

Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

Қазақ осы – айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және материалды мәдениеті, тарихы, салт–дәстүрі бар.

Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.

1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.

Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.

Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.

А мәтіні Ә мәтіні

Мәтіндер не туралы?

Мәтіндердің құрылымдық бөліктерге ажыратып, тақырып ұсыныңыз.

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Shnella
Shnella
17.03.2020
8 наурыз - халықаралық әйелдер күні. Бүл күн біздің мамамыздың, әжелердің және апалы-сіңлілілердің күні. Осы күні оларды куандырғым келеді.

Биыл біз үлкен компаниямен жиналдық,  жақындарымызды құттықтадық. Бір ылғи көңілді және қызғылықты қарсаламыз.Балалар бояуды, пластилинды, түсті қиқымдарды және жіптерді, выжигания үшін аспапты, сызбақағазды және картон әкелді. Игорь үлкен мейрамның стенгазета алуды ұсынды. Көркемдік журналдардан біз әйелдің суреттерін ойдық және бетке бас-басы біздің мамамыздың суреттерін жабыстырдық. Кейін осы суреттерді біз қызық қолдарыммен жабдықтадық. Өте шат алды! Машина мама, айталық, алдым ескі құлыптың атта шапқылады, мама Максима бальый көйлекте тангоға биледі, ал Витянің мамасы жалынды шамшырақтармен жонгл(р корсетті. Газет ашық түсті және қызықты алды. Кейін бас-басы өзінің мамасының дербес сыйды алқындырды.
удачи!Если что-то не так напиши.Обязательно попытаюсь поправить:)
4,7(55 оценок)
Ответ:
yashchenko04
yashchenko04
17.03.2020

8 наурызға анамызға сыйлық.

Бүгінгі шуақты көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне анама сыйлық жасауды біз ертерек ойластырып қойған болатынбыз. Күнделікті анам жұмыстан соң үйге келіп ас әзірлейді, дегенмен күні бойы жұмыста жүретіндіктен анам да шаршайды. Сонымен біз бауырларымызбен анама тосынсый ретінде кешкі мерекелік ас әзірлеуді ұйғардық. Ол үшін біз тәтемізден біраз кеңес алып, анамның сүйікті тағамын әзірледік. Әкеміз болса, анамызға әдемі гүл шоғын мен тәтті тоқаш сатып алды. Кешке анамызға осындай тосынсый жасап, қуанттық. Бірінші рет жасағанымызбен, өте дәмді шығыпты.

4,4(23 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ